Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2009 жылға белгілеу туралы

Күшін жойған

Исатай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 88-IV шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 4-4-121 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 04 ақпандағы № 169-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 04.02.2010 № 169-IV шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 36 баптарының негізінде Исатай аудандық салық басқармасының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы СБ-03-02/N 1491 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
      4. Аталған шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, алғаш ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Кезекті
      ІХ сессиясы төрағасы                       Ж. Қасымұлы

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ж. Қадимов

2008 жылғы 24 желтоқсан  
N 88-ІV нормативтік құқықтық
кесімге N 1 қосымша   

Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құнының тізбесі

р/с N

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон құны (тенге)

1

Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату

30

2

Бау-бақша өнімдерін сату

50

3

Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату

250

4

Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл
өнімдерін сату

30

5

Автокөлік құралдарын айдап әкелу



а) жақын шетелдік мемлекеттерден

800


б) алыс шетелдік мемлекеттерден

600

6

Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу
жұмыстары

250

7

Жеке меншік тракторлармен аудан көлемінде жүк
тасымалдау

150

8

Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар
бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі: (Атырау
қаласы т.б. ауданнан тыс жерге)



а) Автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі
Атырау қаласына 1 рейске

400


б) Автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі
Атырау қаласына 1 рейске

600

9

Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі:



а) Автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі
Аққыстау селосының және селолық округтер ішінде

200


б) Автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі Аққыстау селосының және селолық округтар ішінде

300

10

Су құятын автокөліктермен су құю

200

11

Техникамен шөп шабу қызметі

100

12

Жеке және жалға алған жеңіл (маршруттық таксиден
басқа) автокөліктермен жолаушыларды тасымалдау
бойынша қызмет көрсету:



а) Атырау қаласына жеке жеңіл автокөлікпен

200


б) Атырау қаласына УАЗ, Газель автокөліктерімен

300


в) Аққыстау және селолық округтар ішінде жеңіл
автокөлікпен

100

13

Салтанатты кештерді бейне таспаға түсіру 1 шараға

200

14

Тамадалар мен тамада қызметкерлері 1 шараға

500

15

Фотоға түсіру және сату

100

16

Газет журнал сату

50

17

Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін
сату:



ет

200


сүт

50

18

Мал бағу (қызметі)

50

19

Ұсақ мал сату (әр басына)

50

20

Тас қашау (құлпытас)

250

21

Жеке меншік бурамен, бұқамен қызмет көрсету

200

22

Монша қызметін көрсету

300

23

Қол орақпен шөп шабу кызмет1

50

24

Үй жөндеу қызметі (Әр үй үшін)

500

25

Халыққа емшілік қызмет көрсету

200

26

Аяқ киім жөндеу

50

27

Киім тігу, тоқып сату

50

28

Жүннен тоқылған өнімдер сату /кілемше, шұлық,
қолғап т.б/

50

29

Шөпті дайындап, сату

400

30

Саман тас сату

300

31

Қамыс байлау, сату

200

32

Құс сату 1 бас

80

34

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

35

Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б.)

500

2008 жылғы 24 желтоқсан  
N 88-ІV нормативтік құқықтық
кесімге N 2 қосымша    

Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі

р/с N

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік талон
құны (теңге)

1

Азық-түлік өнімдерін сату

100

2

Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату

80

3

Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату

50

4

Киімдер мен аяқ киімдер сату

160

5

Парфюмерия, косметика сату

160

6

Ойыншық, сувенирлер сату

160

7

Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ, хрусталдар
сату

180

8

Кеңсе бұйымдарын сату

120

9

Қосалқы бөлшектерін сату

200

10

Шаруашылық өнімдерін



а) Ет сату

300


б) Құс, шұжық, сыр тағамдарын сату

120


в) Май тағамдарын сату

120


г) Кондитер тағамдарын сату

120


д) Жұмыртқа сату

50


ж) Жеміс-жидек, көкіністер сату

100

11

Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарынан
сату



а) Жүк автокөлігімен сауда қызметін
көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс
жидектерін сату) 1,5 тоннаға дейін

250


б) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету
(тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін
сату) 5 тоннаға дейін

400


а) Жүк автокөлігімен сауда қызметін
көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін сату) 5 тоннаға жоғары

500


б) Жүк автокөлігімен сауда қызметін
көрсету (шаруашылық бұйымдарды және құрылыс
материалдарын сату)

400

12

Балық өнімдерін сату

200

13

Ұсақ түйек тағамдар сату (чай, самса, т.б.)

60

14

Теріден жасалған бұйымдар сату

200

15

Мал сату ірі қара 1 басқа

300

16

Ұсақ мал сату 1 басқа

50

17

Киім тігу, тоқып сату

200

18

Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б)

50

19

Құс сату 1 бас

80

20

Балапан сату (10 бас)

75

21

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

22

Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б.)

250

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады