Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Қызылқоға ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 ақпанда № 4-5-92 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 8-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңын басшылыққа алып және аудандық әкімияттын 2007 жылғы 28 қарашадағы № 305 қаулысымен ұсынысына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қызылқоға аудандық әкімиятын мақұлдап, ұсынылған "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы қағида" бекітілсін.

      2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаттың
ІV-сессиясының төрағасы:
С. Сәрсенғалиева
      Аудандық Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

  Аудандық әкімиятының
2007 жылғы "21" қаңтардағы
№ ІV-2 қаулысына
қосымша № 1

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ҚАҒИДА

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.

      2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2. Тағайындау тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп өтініш береді:

      1) отбасы туралы мәлімет;

      2) қызмет көрсетуші мекемелерден және әр түрлі меншік нысанарынан алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар;

      3) өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;

      4) жеке меншігінде тұрғын үй (үй, пәтер) үйді жалға алушы алушы (жалгер) екендігін растайтын құжат немесе келісім шарт егерде меншік иесі үйін құжаттандыру мақсатында үй құжатын аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына тапсырылған жағдайда аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан анықтама;

      5) жұмыссыз ретінде тіркелген туралы анықтама;

      Өтініш беруші аталған құжаттарды жергілікті селолық /ауылдық/ округтерге тапсырады. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі ауылдық / селолық округтерде құрылған учаскелік комиссияның ұсынысымен, шешімімен, хаттамасымен тағайыналады.

      Өтініш беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.

      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуға апарып согатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін үйді меншік иесі бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығыннан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсызалынған қаражат қайтарылуға жатады.

      5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.

      6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегімен тағайындау туралы өтініш түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса барлық құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

      8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығын жауап береді.

      9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтер тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (ауыз сумен, газ балонмен, электрмен және телефон абонемент ақысы, қоқыс шығару, қатты отын /көмір/) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі норма шығындар үлесінен асқан жағдайда тағайындалады. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі норма үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді.

      Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалары шегіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі нормалық шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

      10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерімен пайдалану (ауыз сумен, газбен, электрмен, телефон, қоқыс шығару, қатты отын /көмір/) нормалары жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.

      11. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей бір отбасы негізінде төленеді.

      Тұрғын үй көмегі күн көрісі төмен, аз қамтылған отбасыларына жеке тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеу үшін беріледі. Атап айтқанда:

      -кәмелетке толған дейін ата-анасынан айрылған жетім балаларға;

      -заңда белгіленген кейбір созылмалы ауру (өкпе ауру) түрлерімен ауыратын мүшелері бар отбасы;

      -жалғыз басты қаттар;

      -орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасылары;

      -отбасында І-ІІ топ мүгедек мүшесі бар және ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей мүгедек отбасылар;

      12. Тұрғын үй көмегі егер осы көмектітағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш ағымдағы тоқсанның екінші айынның 15-не дейін тапсырылса өтініш белгіленген тоқсанның алдыңғы тоқсанына тағаындалады.

      13. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      Егер отбасыларында тиісті органдарда жұмыссыз ретінде есепке тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ол отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.

      Ұсынылған жұмысқа орналастырумен дәлелсіз бас тартқан қоғамдық жұмыстарға кәсіби оқыту мен қайта оқытуға қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар 6 ай мерзімге тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

      15. Тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің тілегіне қарай қаражатты өтініш берушілердің жеке есеп шотына және меншік иесінің келісімімен мекеменің есеп шоттарына аудару жолымен төленеді.

      16. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы үй жалдаушысына меншік иесінде сақталады.

      17. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілген ақпараттың дұрыстығына күмәндаған жағдайда тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.

      18. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шектеулі норма үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.

      Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгертуге негіз бола алатын кез келген өзгерістер (өзінің тұрғын үй меншігінің нысанының отбасы құрамында т.с.с.) сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар норма аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындалудан бас тарту норма шешім заңнамамен белгіленген тәртіпке шағым беруге жатады.

      20. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау норма шешіммен хаттама немесе шешімнен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі.

      21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.

      22. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-Б бұйрығымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Мемлекеттік атаулы көмек заңнамасын қолдау тәртібі туралы) 2002 жылғы 27 наурыздағы №11-1-11/1367 ұсынысына сәйкес есептеледі.

      23. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығындардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      24. Жиынтық табысы есетелген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген өткен тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есетеледі.

      25. Жиынтық табыс өтініш берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.

      26. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есетеледі.

      27. Бір тоқсаннан астам уақытқа төлеуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген үш айға көбейтілген мөлшеріндегі табыс сомасы есептеледі және коммуналық қызмет шығындарын есептегенде есептеу тәсілі қоланылады.

      28. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгіленген баға бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.

      29. Өтініш беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпке жауап береді.

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

      30. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап екінші деңгейдегі банктерге жібереді, сондай-ақ аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне сұраныс жібереді.

      31. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі сұраныс негізінде аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Аудандық бөлім ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде екінші деңгейде банктердің жеке адамның есеп шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын аударады.

      32. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктермен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізімі негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын (төлқұжат, жеке куәлік) көрсету арқылы төленеді.

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.

      33. Тұрғын көмегі бойынша есеп беру, бақылау және есептілік жүргізу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

      34. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін екінші деңгейдегі банктермен (коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен) өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгіленген нысанда қаржы және жоғарғы тұрған органдарға тұрғын үй көмегінің төленген сомалары бойынша есеп береді.

      35. Тұрғын көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақытылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.

      36. Лауазымды тұлғалардың тұрғын үй көмегін дұрыс емес тағайындау салдарынан немесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біле тұра заңсыз тағаындауға апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегінің сомасы кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасын басшылыққа алып және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 17-04/575 хатына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. №1 қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида;

      2. №2 қосымшаға сәкес 2008 жылы Қызылқоға ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындап төлеуге байланысты коммуналдық қызмет тарифтері мен нормалары мақұлдансын және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын;

      3. Селолық, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы органдар басшыларын тұрғын үй көмегі тәртібін іске асыруды қамтамасыз етсін;

      4. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (З. Сарбуфеева) 2008 ға аудандық бюджеттен тұрғын үй көмегіне қаражат қарастырсын;

      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С.А. Жексенғалиева) ауылдық мекемелерде тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегімен қамтамасыз ету тапсырылсын;

      6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Базарбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Ж. Рахметқалиев

  Аудан әкімиятының 2007 жылғы
"28" қарашадағы № 305 қаулысына
қосымша № 1

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ҚАҒИДА

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.

      2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2. Тағайындау тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп өтініш береді:

      1) отбасы туралы мәлімет;

      2) қызмет көрсетуші мекемелерден және әр түрлі меншік нысанарынан алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар;

      3) өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;

      4) жеке меншігінде тұрғын үй (үй, пәтер) үйді жалға алушы алушы (жалгер) екендігін растайтын құжат немесе келісім шарт егерде меншік иесі үйін құжаттандыру мақсатында үй құжатын аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына тапсырылған жағдайда аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан анықтама;

      5) жұмыссыз ретінде тіркелген туралы анықтама;

      Өтініш беруші аталған құжаттарды жергілікті селолық /ауылдық/ округтерге тапсырады. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі ауылдық / селолық округтерде құрылған учаскелік комиссияның ұсынысымен, шешімімен, хаттамасымен тағайыналады.

      Өтініш беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.

      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуға апарып согатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін үйді меншік иесі бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығыннан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсызалынған қаражат қайтарылуға жатады.

      5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.

      6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегімен тағайындау туралы өтініш түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса барлық құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады