Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 5087-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, VIII шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:

      1) Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № IV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4-5-92 болып тіркелген);

      2) Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № Х-10 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № IV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4-5-109 болып тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (К. Кумаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады