Ескерту. Күші жойылды - Мақат ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 27 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1. Аудан көлемінде тұратын шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1992 жылы туылған ер азаматтарды 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде тіркеуге алу жүргізілсін.
2. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Мақат аудандық орталық емханасы (Б. Оңдасынов) (келісім бойынша) 2-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар бөлу және медицина талаптарына сай тексеру ұсынылсын.
4. Білім беру ұйымдары және өзге де ұйымдардың басшыларына жергілікті әскери басқару органына шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін толықтай беру ұсынылсын.
5. Азаматтарды әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
6. Поселкелер әкімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары:
1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің шақыру учаскесіне уақытылы келуіне жауапты мамандар белгілеп, оларға келушілерді ұйымдастырып әкелу және қажетті құжаттармен қамтылуын;
2) жастардың жергілікті жерлерден шақыру учаскесіне уақытылы келіп және тұрғылықты жерлеріне жеткізілуі үшін сенімді жабдықталған көлікпен қамтамасыз етсін.
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Б.Ү. Рахметов) (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, әскери есепке отырудан жалтарған азаматтарға өз құзыреті шегінде шаралар қолдану ұсынылсын.
8. "Мақат Сервис-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (А. Қисметов) (келісім бойынша), "Локомотив" акционерлік қоғамының филиалы - "Мақат локоматив пайдалану депосы" (Н. Есмұханов) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3-қосымшаға сәйкес бөлу, бөлінген қызметкерлердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орнын, атқаратын қызметін және жалақысын сақтау ұсынылсын.
9. "Доссормұнайгаз" өндіру басқармасына (Б. Сматуллин) (келісім бойынша), азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу уақытында Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселкелері әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркелушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
10. Аудандық қаржы бөлімі (И. Мажекеев) тіркеуге алу шарасын өткізуге байланысты 2009 жылы шыққан шығындарды сметаға сай бөлсін.
11. Жастарды шақыру учаскелеріне тіркеу және олардың қажетті санын анықтап әскер жасына дейінгі қызметке дайындау іс-шараларының орындалу қорытындысы 2009 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппарат мәжілісінде тындалсын.
12. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А. Кенжеғұлов) (келісім бойынша) 1992 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алу барысы жөнінде ақпарат беру ұсынылсын.
13. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары C. Хайрушевқа жүктелсін.
14. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Рысқалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық Қорғаныс Мақат аудандық орталық
істері жөніндегі бөлім бастығы емханасының бас дәрігері А.Кенжеғұлов Б.Оңдасынов
"____"___________ 200__ ж. «____»___________ 200__ ж.
"Доссормұнайгаз" мұнай газ "Мақат Сервис-2004"
өндіру басқармасы бастығының жауапкершілігі шектеулі
міндетін уақытша атқарушы серіктестігінің директоры Б.Сматуллин А.Қисметов
"____"___________ 200__ ж. "____"___________ 200__ ж.
"Локомотив" акционерлік қоғамының
филиалы - "Мақат локоматив пайдалану
депосы" директоры Н.Есмұханов
"____"___________ 200__ ж.
Аудан әкімінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 25 шешіміне 1-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу
комиссиясы
Кенжеғұлов Аманжол - Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Қартабаев Ерлан - Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-
Сисенғалиұлы құқықтық және әскери жұмылдыру
бөлімінің меңгерушісі, комиссия
төрағасының орынбасары;
Нәсіпқалиева Дария - Аудандық емхана меңгерушісі,
Нәсіпқалиқызы медициналық комиссияның төрайымы,
Матжанов Сәрсенбай - Аудандық ішкі істер бөлімі
Матжанұлы бастығының орынбасары, комиссия мүшесі;
Рахманова Қамқа - мейірбике, комиссия хатшысы. Зейноллақызы
Аудан әкімінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 25 шешіміне 2-қосымша
Аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар
N р/с |
Тегі, аты-жөні |
Қандық мамандық бойынша |
1 |
Шаудирова Гүлнар Сарбайқызы |
Дәрігер-терапевт |
2 |
Суйеуғалиев Ерлан |
Дәрігер-хирург |
3 |
Ізтілеуов Жақсыберген Ахатұлы |
Құлақ дәрігері |
4 |
Ерғожиева Әлия Шойынбайқызы |
Тіс дәрігер |
5 |
Умарова Гүлзира Қалиханқызы |
Көз дәрігері |
6 |
Саршаева Марта Сафиқызы |
Психиатр, неврапотолог |
7 |
Хасанов Нұрлан Сарсенбайұлы |
Дерматолог дәрігері |
8 |
Жұмағалиев Ахметжан Сарыұлы |
Фтизиатр |
9 |
Шонаев Жалғас Мағауұлы |
Рентгенолог |
10 |
Емшібике |
3-адам |
Аудан әкімінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 25 шешіміне 3-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және
сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
N р/с |
Мекеменің атауы |
Техникалық қызметкерлер саны |
Басталатын мерзімі |
1 |
"Мақат Сервис-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 (екі) |
Қаңтар 2009 ж. Наурыз 2009 ж. |
2 |
"Локомотив" акционерлік қоғамының филиалы - "Мақат локоматив пайдалану депосы" |
2 (екі) |
Қаңтар 2009 ж. Наурыз 2009 ж. |