Шымкент қаласының жеке құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/83-4с шешімі және Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 151 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірде N 14-1-72 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ :
      1. Сайрам ауданынан Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағына енген мекенжай аумағы Шаңырақ шағын ауданы деп аталсын.
      2. Абай ауданы Самал-2 шағын ауданының Бекмұрат батыр және Д.Төлепбергенов көшелері аралығында орналасқан атауы жоқ көшесіне Манат қыздың;
      Әл-Фараби ауданының атауы жоқ көшесіне Әлей Түзелбаевтың есімдері;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Қайырымды;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Қанағат;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Үміт;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Сымбатты;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Салтанатты;
      Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Мирас деген атаулар берілсін.
      3.Әл-Фараби ауданының Греков көшесіне Ғали Ормановтың;
      Әл-Фараби ауданының Макаров көшесіне Сман Әзімнің есімдері берілсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Шымкент қаласының әкімі

      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады