Ақдала ауылдық округіне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдарының шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 13/83-IV шешімі және Арыс қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 524 қауылысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 қазанда N 14-2-62 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жер кодексiнiң" 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ақдала ауылдық округiне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдармен шектесiп жатқан жайылымдық жерлерден Ақдала ауылына 100 га, Тақыркөл ауылына 100 га, Ақын-Жақып ауылына 30 га, Тоғайлы ауылына 150 га жер телiмi қосылып, ауылдардың шегi өзгертiлсiн.
      2. Осы шешiм және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      
      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы:                           С. Ахметов

      Арыс қаласы әкiмi                          Ш. Сатымбеков

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Р. Керiмқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады