Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 57 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 сәуірде N 14-3-57 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 138 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2009.03.31 N 138 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексінің) 491-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 -тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кентау қаласы мен елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.   

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С. Алшынбаев     

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Е. Аширов

      2008 жылғы 26 наурыздағы N 57
      Кентау қалалық мәслихатының
      шешімімен бекітілген

Сыртқы (көрнекі) жарнамалар (бір беттен) орналастырғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары 

N

Жарнама түрі

Төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіштен процент есебімен)

Айсайын

Бір реттік төлем

Категория
"А"

Категория
"В"

Категория
"С"

1

Көрсеткіштер ілу тақталары, ақпарат тақталары, 2 метрге дейін (жарнама объектісі), плакаттар

100

80

70

100

2

Жарық түсіретін таблолар, лайтбокс (сити-форматты)

105

85

75

105

3

Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)

ПО

90

80

110

4

Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)

115

95

85

115

5

Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)

120

100

90

120

6

Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 20 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)

125

105

95

125

7

Ақпараттық-жарнама объектілері алаңы 30 шаршы метрден жоғары (қабырғадағы, шатыр үстіндегі)

130

ПО

100

130

8

Киоскілер, павильондар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру нүктелер үстінде(жанында, алдында) орналастырған уақытша түрдегі жарнама объектілері

100

80

70

100

Ескерту:
      1. Бюджеттік мекемелерге ставкілер 20 пайызға кемітіледі.
      2. ҚР мемлекеттік органдары олардың өз функцияларын іске асыруына байланысты орналастырған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
      3. Төленген төлемақы сомалары бюджеттен керІ қайтарылмайды.
      4. Кентау қаласы бойынша ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, маңызды аумақтар, ауыл округтері, елді мекендер, қаладағы үлкен көшелер және алаңдар тізімі категория бойынша.
      "А" категориясы: Кентау қаласы және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары.
      "В" категориясы: Қарнақ ауылы және Қарнак ауылындағы Құшата, Бүргем, Чаштөбе бөлімшелері.
      "С" категориясы: Ащысай, Байылдыр және Хантағы елді мекендері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады