Кентау қаласы мен елді мекендерде орналасқан барлық жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы N 73 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 шілдеде N 14-3-62 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы N 48 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы мәслихатының 2012.08.29 N 48 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшада ұсынылған Кентау қаласы мен елді мекендерде орналасқан барлық жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Күнпейсов
      Қалалық мәслихат хатшысы Е. Аширов

  Кентау қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 маусымдағы N 73
шешімімен бекітілген

Кентау қаласы мен елді мекендерде орналасқан
барлық жасыл желектерді күтіп ұстау және
қорғау Қағидасы туралы

      1. Кентау қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидасы (ары қарай - Қағида) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, жасалған.
      2. Кентау қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі жұмыстарды реттеу және табиғатты пайдалану туралы ұйымдастыру жұмыстары - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, заңнамаларға сәйкес, Кентау қаласының аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау уәкілеттігі бар атқару органына (ары қарай - өкілетті орган), ал күтіп ұстау және қорғау жұмыстары, жасыл желектер кімнің қарамағында болса, соларға табиғатты пайдаланушы ретінде тапсырылады.
      З. Бұл Қағидада мынадай негізгі түсініктемелер қолданылады:
      1) жасыл желектерді еріксіз отау - жасыл-желектер ауруларына бақылау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен есебі жүргізіліп тіркеуге алынып соңынан шаруашылыққа пайдаланылатын ағаштарды кесу;
      2) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аймақтарды және көк шалғындарды құруға, сақтауға және қайта жетілдіруге (соның ішінде жойылған және залал келтірілген жасыл желектерді қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшіліктік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
      3) жасыл алап - 0,125 шаршы метр аумақта орналасқан, түріне қарамай-ақ саны 50 данадан кем түспейтін ағаш өсіп тұрған көгалдандырылған аумақ;
      4) жасыл желектер - табиғи түрде өсіп шыққан немесе қолдан отырғызылған бұталы-ағашты және көк майса шөп түріндегі өсімдіктер. Бұлар азаматтық заңнамаларға сәйкес, қаланың біртұтас жасыл-желек қорын құрап және жылжымайтын мүлікке жатады;
      5) көпшілік қолданатын жер аумақтары - қолданыстағы және алаңқайларға, көшелерге, жаяу жүргінші жолдарға, жолдарға, жағалауларға, су қоймаларына, жаға-жайларға зиратханаларға және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған нысандарға (су құбырлары, жылу жеткізу құбырлары, тазалау имараттары және де көпшілік қолданыстағы инженерлік жүйелер) жер аумақтары;
      6) жасыл аумақтардағы ландшафттық кесу - кепкен, сырт пішіні нашар, және басқа ағаштар мен бұталардың өсуі кезіндегі оларға тигізетін кері әсеріне деген қарсылығы өте төмен, ең негізгі сәндік ағаштың өсуіне және сол жерде өсетін ағаш түрлерін тұрақтандыру кедергі болатын ағаш түрлерін кесу;
      7) жасыл желектерді орман ағаштарының ауруына тексеру - жасыл желектерде зиянкестердің (жәндіктердің), аурулардың белгілері мен аурудың таралу ортасының бар-жоғын, ағаштардың негізгі бұтағының, діңгегінің, тамыр жүйесінің және жоғарғы жағының зиянкестерден келген аурулардан амандығын тексереді. Егер, ағаштың 50 пайыз бөлігі ауруға шалдыққан болса, онда ол ағаш міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;
      8) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсіп-өнген шөптері бар жер телімі, қолдан жасалынған сая-бақ кешендері мен нысандары, гүлзар-бақтар, шалғын шөп өскен жерлер, гүлзарлар және тағы басқалары;
      9) жасарту (сирету) - ағаш бұтақтарын қысқарту, жас бұтақтарды сирету және реттеу, жасартуға жарамды, діңгектернін сау, кебу салдарынан жоғарғы жағындағы сәні кеткен бұтақтары бар кәрі ағаштардың діңгектерін 3,5 метр биіктікте кесу;
      10) осы жасыл желектерін қорғау және күтіп ұстау Қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шара қолдану;
      11) жасыл желектерді қайта отырғызу - өсіп тұрған жасы I класқа (10 жылға дейін) жататындарын басым және II класқа (11 жылдан 20 жылға дейін) жататындарын кемірек, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды, қайта отырғызудың жоғарғы технологияларын сақтай отырып, тамыр топырақтарымен қоса, тамыр жүйелерінің жазық және тік орналасуына қарай қайта отырғызу;
      12) орнын толтыру (кепілдік) отырғызу жоспары - рұқсат етілген санитарлық кесілген мен амалсыз кесілген жасыл желектердің көлемінің орнын толтыру үшін, жасыл-желектердің отырғызылуға тиіс көлемінің жоспары;
      13) жасыл желектердің зақымдануы - өсулеріне кедергі болмайтындай, ағаш-бұталардың жоғарғы жағының, діңгектерінің, тамыр жүйелерінің, ал шалғынды өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйелерінің кейбір бөлігінің зақымдануы;
      14) санитарлық шабу - қалалық жасыл желек қорының санитарлық ахуалын жақсарту мақсатында ауру, зақымдалған, кебуге айналған және кеуіп кеткендерін (таңдап немесе түгелімен) шабу;
      15) санитарлық кесу - апатты жағдайлар тудыруға себеп болатын (электр желілерінде немесе газ тасымалы құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырларын қиратуы мүмкін, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергі болатын) ауру, кебе бастаған, кепкен және зақымдалған бұтақтарды алып тастау.
      4. Барлық жобалық, құрылыстық және шаруашылық жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамаларының және осы Қағиданың талаптарына сай жүргізілуі тиіс.
      5. Белгілі бір тәртіппен бекітілген қаланың дамуының бас жоспарына іліккен жер телімдерінен басқа, қала аумағындағы көпшілік қолданысындағы жасыл аймақтар қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілмейді.
      6. Жалпы қолданысқа жататын жерлердегі жасыл желектерді дамыту жұмыстары, қаланы көгалдандырудың ұзақ мерзімді кешенді жоспарына сай әрі сәулет және қала құрылысы органдарының қорытындылары негізінде жүргізілуі тиіс.
      7. Жасыл желектерді амалсыз жоюға тек қана заңнамалар бекіткен тәртіпте ғана рұқсат етіледі.

Жалпы қағидалар

      8. Кентау қаласының әкімшілік аумағындағы жасыл желектердің барлық түрі есепке алынуы тиіс.
      9. Кентау қаласындағы жасыл желектерді есепке алу жұмыстары есепке алу нысанының аумағындағы жасыл желектерді техникалық инвентаризациялау арқылы жүргізіліп, тізімге алынуы тиіс.
      10. Дендрожоспар - қаланың (ауданның) жасыл қорын құрайтын жасыл желектерді есепке алу жұмыстарының нәтижесін көрсететін құжат болып табылады.
      11. Жасыл желектерді инвентаризациялауды арнаулы мекемелер жүргізеді.
      12. Ағаштардың саны 10 немесе одан да көп өсіп тұрса да, амалсыз отауға түсіп тұрған жер телімдерінде, тапсырыс берушінің тапсырысымен, осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар арнайы мамандандырылған ұйымдар, ағаш пен бұталардың түр құрамын, саны мен сапасын, жасын (диаметрін) есепке ала отырып, орман ауруларына зерттеу және инвентаризациялау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
      13. Кентау қаласының жасыл желектерінің тізімі мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) Кентау қаласының жасыл желектерінің ахуалы, сапасы және саны туралы шынайы мәліметтерді жинап және оларды есепке алу;
      2) жасыл желектерді сақтау және қорғау және қаланың көгалдандырылған аумақтарын дамыту саласындағы қала әкімшілігі саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
      3) қаладағы жасыл желектердің саны мен ахуалы туралы билік және басқару органдарын, тұрғындарды шынайы мәліметтермен қамтамасыз ету.
      14. Жасыл желектерді тізімдеу жұмыстарын ұйымдастыру табиғатты қорғау саласының қаражаттары арқылы жүргізіледі.
      15. Мына жағдайлардан басқа кездерде, көпшілік қолданыстағы жерлердегі жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау жұмыстарын өкілетті жүргізеді:
      1) арнайы саябақтарда - иелеріне немесе иесі қойған уәкілетті тұлға;
      2) тұрғын мөлтек аудандарда, тұрғын үйдің алдынан жаяу жүргіншілер жолының сызығына дейін - аула ішілік аумақтағы тұрғын үй қорының иелері өтініші негізінде;
      3) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да жеке меншік нысандардың аумақтарында, сонымен қатар, бөліп берілген немесе бекітілген және санитарлы-қорғаныс аумақтарында - сол нысандардың иелеріне немесе пайдаланушылары;
      4) құрылыс салуға бөлінген аумақтарда - тапсырыс беруші жүргізеді.
      16. Көпшілік пайдалануындағы жерлерде, жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау жұмыстарын арнайы мамандандырылған мекеме жүргізеді.
      17. Өкілетті орган берген рұқсатнамаға сәйкес жүргізілген санитарлық шабу мен амалсыз отаудың орнын толтыру үшін жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары сол жер телімінен 3 есе көп аумаққа отырғызылған жапырақты көшеттердің биіктігі 2 метрден, ал қылқан жапырақты көшеттердің биіктігі 1,5 метрден (сапасы І-ші немесе II-ші класс) кем болмауы керек. Егер, санитарлық шабу немесе амалсыз отау жұмыстары жүргізілген аумақтарда, бос орындар болмаса, онда уәкілетті орган, жасыл желектерді орнына келтіру үшін отырғызылатын көшеттер үшін белгіленген тәртіп бойынша арнайы жер телімдерін бөледі.
      18. Нысанның ахуалының коэффициентінің (ары қарай - НАК) 4 және 5-ші дәрежесі бойынша апаттық жағдайда жасыл желектерді отағаны үшін, жеке тұлға немесе заңды тұлға әрбір оталған жасыл желектің орнын толтыру үшін, жапырақты көшеттің биіктігі 2,0 метрден, ал қылқан жапырақты көшеттің биіктігі 1,5 метрден кем болмайтын бір көшет отырғызылады (сапасы І-ші немесе II-ші класс).
      19. Апаттық жағдайларды - кәрі ағаштардың өз бетінше құлауын (тез өсіп аз өмір сүретін: жасы 40 жылдан асатын теректің барлық түрлері, жасы 20 жылдан асатын барлық жеміс-жидек ағаштары) болдырмау үшін, оларға 4 және 5-ші дәрежелі НАК-тің қолдана отырып оларды отауға рұқсат береді (алдын ала Кентау қаласы әкімдігінің, жасыл желектерді күтіп-баптау үшін тендерді ұтып алған арнайы мамандандырылған мекеменің, төтенше жағдайлар органдарының, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініші бойынша). Егер желдің немесе белгілі табиғи себептермен ағаштар апат туғызып құлаған жағдайда, ағаш құлаған орынды тазалау және ағаш қалдықтарын әкету жұмыстары осы Қағиданың 18 және 19-шы тармақтарында аталған тұлғаларға жүктеледі.
      20. Ғимараттар және үймереттер жайларына жоғары деңгейде көлеңке түсіріп тұрған, 5 метрден жақын өсіп тұрған ағаштарды кесуге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тұжырымдамасы негізінде тегін, азаматтардың өтініші бойынша Кентау қаласы жасыл желектерді қорғау жөніндегі өкілетті орган құрған комиссияның анықтау қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасының 3.01-01-2002 құрылыстық нормалар мен ережелеріне сәйкес, апаттық жасыл желек ретінде (4 және 5-ші дәрежелі НАК бойынша) рұқсатнама беріледі.
      21. Санкция берілмеген, яғни рұқсат етілмеген жасыл желектерді отағаны үшін, орнын толтыруға отырғызылған жасыл желек жапырақты ағаштың биіктігі 2 метрден, ал, қылқан жапырақты ағаштардың биіктігі 1,5 метрден кем болмай, (сапасы І-ші немесе ІІ-ші класты), көлемі 10 есе болуы керек. Егер оталған жерде мұнша көлемді отырғызатын орын болмаса, онда өкілетті орган белгіленген тәртіпте келісілген арнайы орын бөледі.
      22. Жасыл желектерді отау жұмыстары жүргізілгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары, осы Қағиданың 18 және 19-шы тармақтарында атап көрсетілген тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
      23. Жасыл желектерді қалпына келтіру мақсатындағы отырғызу жұмыстарын заңды немесе жеке тұлғалар өз беттерінше агротехникалық талаптар сақтай отырып жүргізе алады, сонымен қатар олар осы жұмыстарды жүргізуге арнайы мекемеге келісім шарт бойынша тапсырыс бере алады.
      24. Мемлекеттік бюджет қаражатына құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу жүргінші жолдарды, арық жүйелерін жөндеу), ол жұмыстар аяқталғаннан кейін, сол құрылыс жұмыстарын жүргізген мекеме жасыл желектерді қалпына келтіру немесе отырғызу (егер жобада көрсетілген болса) жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      25. Қартайған немесе зақымдалған жасыл желектердің өз бетінше құлауы кезінде кінәлілер анықталмаса, онда, жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары, белгіленген тәртіпте, жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
      26. Егер жасыл желек механикалық түрде немесе жол апаты әсерінен зақымдалса, онда осы Қағиданың 27-ші бабына сәйкес, зақымдалған немесе жойылған жасыл желек 3 есе көлемде отырғызылуы арқылы қайтарылады.
      27. Егер, отырғызылған жасыл желек көктемесе, онда жасыл желек кімнің қарауында болса, солар қайта отырғызып, одан әрі күтіп - баптау жұмыстарын жүргізеді.
      28. Егер, қажетті күтіп-баптау, қорды қалпына келтіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, механикалық зақымдану салдарынан құрап кетсе, баяу өссе немесе көшеттер отырғызылған орындарында жоқ болса, яғни ұрланып кетсе, онда оларды қалпына келтіру жұмыстары, жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстары, сол жасыл желек кімнің қарауында болса, солардың міндеті болып саналады. Көшеттерді қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сәйкес, өкілетті органмен келісілген мерзімдер аралығында жүргізіледі.
      29. Құрылыс және басқа да жұмыс түрлерін жүргізген кезде, осы жер теліміндегі сақталатын, отауға немесе санитарлық шабуға жатпайтын жасыл желектерді механикалық және басқа да зақымданулардан тиімді сақтау үшін, арнайы қоршаулармен қоршалуы керек.
      30. Кепілдіктегі арнайы орнын толтыру үшін отырғызылатын жасыл желектердің отырғызылуын және оларды күтіп баптау жұмыстарының жүргізілуін бақылау өкілетті органға жүктеледі.

Жеке, заңды тұлғалардың және өкілетті органдардың жасыл желектерді күтіп-ұстауы бойынша тиісті қызметтері

      31. Жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қалаларды, аудан елді мекендерін, аулаларды көгалдандыру;
      2) қаланың жасыл желектерді сақтауды және күтімімен қамтамасыз етуге;
      3) жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға жасыл желектердің түрлік құрамы, саны, өзгерілуі (кесу, қайта құру, отырғызу, қайта отырғызу), бар екендігі туралы ақпараттарды беріп отыруға;
      4) агротехникалық шаралардың толық кешенін тұрақты өткізіп тұру, оның ішінде: гүлзарларды, ағаштарды және бұталарды суару, арам шөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресу, гүлзарлардың) бекітілген аумақтарда көгалдандыру жүргізу;
      5) жасыл желектерді санитарлық кесу, қайта отырғызу, қырқу осы қағидамен тағайындалған тәртіпте ресімдеу.
      32. Уәкілетті органның:
      1) Кентау қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге, түрлі үлгілерде қысқартуға, қайта отырғызуға, бұзуға немесе бұзбауға рұқсат ету және рәсімдеу;
      2) жасыл желектерді күту, ұстау, қалпына келтіру бойынша шараларды орындау үшін бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы белгіленген заңнамалары шегіндегі өкілеттілікпен мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады.

Жасыл желектерді санитарлық және еріксіз кесу, қайта отырғызу, қырқу

      33. Жасыл желектерді санитарлық және еріксіз кесуге, қайта отырғызуға, қырқуға тиісті мемлекеттік органдармен келісілген, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген елді мекендердің бас жоспарлары және елді мекендерде құрылыс салу Ережелері негіз болып табылады. Аталған құжаттарға сәйкес жасыл желектерді санитарлық және еріксіз кесуге, қайта отырғызуға, қырқуға:
      1) елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес әзірленген детальды жоспарлау жобаларымен немесе құрылыс салу жобаларымен қарастырылған;
      2) апатты, ауру, суалған ағаш талдар және бұталар болған;
      3)мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы бойынша ағаш талдар көлеңкесі түсетін тұрғын үй және тұрғын емес үй жайлары;
      4) жасыл желектердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.
      Азаматтар немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне өткізгеннен кейін жер учаскесінде (бау-бақшалық және саяжайлық учаскелер, жеке тұрғын үй құрылысы) шаруашылық қызмет нәтижесінде немесе табиғи түрде пайда болған сүректі-бұта өсімдіктерді кесу, қайта құру өз қалауы бойынша рұқсатты ресімдеусіз жүзеге асырылады.
      34. Жасыл желектерді санитарлық шабу, амалсыз отау штамбаларды тазалау, санитарлық кесу, ауыстырып отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін рұқсатнама алу қажет.
      35. Жасыл желектерді санитарлық шабуға, амалсыз отауға, орнын ауыстырып отырғызуға, бұтауға берілетін рұқсатнаманың жарамды мерзімі, ауа - райына, желектердің түріне байланысты өкілетті орган өзі анықтайды, бірақ бұл мерзім осы жылдың ағымдағы айының соңғы күнінен аспауы тиіс.
      36. Осы Қағида бойынша көгалдандырылған аумақтарда тиым салынады:
      1) жасыл желектерді зақымдауға және жоюға;
      2) алау оттарын жағуға, түскен жапырақтар мен кепкен шөптерді өртеуге;
      3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағын сулармен ластауға;
      4) ағаштардың бойынан нәр ағызып алуға, кесіп сызуға, жазу жазуға, жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әр түрлі сілтемелер, сымдар ілуге және ағаштарға ілмектер мен шегелер қағуға;
      5) осы аумақтағы жасыл желектерді күтіп баптауға пайдаланылатын көлік құралдарынан басқа, автокөлік құралдарының, құрылыс және басқа да көлік құралдарының жүруіне және тұрақтануына;
      6) автокөлік құралдарын жууға;
      7) өсіп тұрған шалғын шөптердің үстіне көлік құралдарын қоюға;
      8) мал жаюға;
      9) әр түрлі жүктерді, сонымен қатар құрылыс материалдарын текшелеуге;
      10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды жүргізбейінше, жасыл желектердің жер телімдеріне шатырлардан қар түсіруге;
      11) жасыл желектерге зияндық әкелетін басқа да әрекеттер мен әрекетсіздік жол беруге.
      37. Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде жасыл желектерді санитарлық және еріксіз кесуге, қайта отырғызуға, қырқуға келісім алу келесі тәртіппен жүргізіледі:
      1) нысанның жорамалданатын құрылысын бастапқы-рұқсат беру құжаттамаларын дайындау кезінде тапсырысшы белгіленген тәртіпте жоба алдындағы және жобалық материалдардың әзірленуін қамтамасыз етеді. Материалдар құрамына міндетті түрде жобаланатын қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша құжаттама кіру керек;
      2) тапсырысшы өтініші негізінде жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган құрылыс жүргізілетін учаскені зерттейді;
      3) зерттеу актісі негізінде уәкілетті орган тапсырысшыға жасыл желектерді санитарлық немесе еріксіз кесуге, қайта отырғызуға, қырқуға рұқсат береді.
      38. Жасыл желектерді инженерлік коммуникацияларды күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде еріксіз кесуге, қайта отырғызуға, қырқуға келісім алу тәртіпте орындалады:
      1) инженерлік коммуникацияларды күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде жасыл желектерді кесу, қайта отырғызу, қырқу жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органымен берілетін рұқсат негізінде орындалады;
      2) жөндеу жұмыстары барысында бұзылған гүлбақтар мен гүлзарларды қалпына келтіру тапсырысшының қаржы есебінен жүзеге асырылады.
      39. Төтенше және апатты жағдайларда, ірі ағаштар құлауы, адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар және ғимараттар жағдайына, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс істеуіне қатер төндіргенде, айтылған екпелерді кесу, рұқсат беруді алдын-ала ресімдеусіз жүргізіледі:
      1) кесу фактісі құрамында аумақ иесінің, жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның, апаттық және өзге де төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізген ұйымның, тиісті қала әкімдігі өкілдері бар комиссияның белгіленген нысанымен ресімделген, кесілген орынды куәландыратын актісімен айғақталады;
      2) белгіленген нысанды ресімделген, кесілген орынды куәландыратын акт бар болса, уәкілетті орган рұқсат береді.
      40. Ғимараттардан 5 метрден жақын қашықтықта өсіп, бөлмелерді көлеңкесімен қараңғылатып тұрған ағаш талдарды кесуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы негізінде жасыл желектерді
      қорғау жөніндегі уәкілетті орган рұқсат береді.
      41. Қураған, суалған және ауру жасыл желектерді есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жеріне қарамастан, көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылардың, меншік иеленушілердің, жалға алушылардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен жүргізіледі.
      42. Жасыл желектерді өсіру және күтіп-баптауға мамандандырылған аумақтардың иелері жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға өз меншігіндегі аумақтардың шекараларын көрсете отырып, жобаларын ұсынады.
      43. Кесу, қайта отырғызу, қырқу орнының іргелес аумағында гүлзар, жасыл желектер зақымданған жағдайда жұмысты жүргізуші оларды зақым келтірген сәттен бастап, міндетті түрде қалпына келтіреді:
      1) вегетациялық мерзімде бір ай ішінде;
      2) қысқы уақытта - вегетациялық мерзімнің бірінші айында.

Жасыл желектерді, оларды жойғаннан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру

      44. Азаматтардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде болған көп жылғы жасыл желектерді жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау, ақшалай немесе натуралды түрде толық өтеуге жатады.
      45. Өтемдік көгалдандыру төмендегі талаптар есебіне сәйкес жүргізіледі:
      1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемі қысқартылмай, жойылған екпелер санынан үш есе көлемде артық болуы тиіс;
      2) орны толтырылатын жасыл желектердің түрлік құрамы және құрылысы сәулет, экологиялық және эстетикалық сипаттамасы бойынша, артық болуы тиіс;
      3) қайта өндіру, тәртіп бойынша, жою жүргізілген жерде кесегімен ағаштар түсіру арқылы, аймақ көлеміне жүргізіледі.
      46. Натуралды түрдегі өтем азаматтармен немесе заңды тұлғалармен шарт бойынша, көгалдандыру кәсіпорнымен жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жүргізілуі мүмкін.
      47. Өтемдік көгалдандыру мына жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) дендрологиялық жобамен бекітілген 20 данадан артық сүректі-бұта өсімдіктерін орнына қайта келтіргенде;
      2) Кентау қаласы жасыл желектерді қорғау жөніндегі өкілетті органмен келісілген сызбаларға сәйкес, 20 данадан кем емес сүректі-бұта өсімдіктерін орнына қайта келтіргенде.
      48. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде жоюға жататын жасыл желектер, құрылыс жүргізушінің есебінен қайта қалпына келтіріледі. Құрылысқа арналған тағайындалған жоба құжаттамаларына сәйкес, құрылыс салушылармен жүргізілетін жүргізілген көгалдандыру, өтемдік көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстар сияқты есепке алынбайды.

Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

      49. Жасыл желектерді зақымдау немесе жою заңсыздығының әкімшілік жауапкершілігі, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдары негізінде анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады