Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 228 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы және 47 бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Білім беру саласында білім алушылар қоғамдық көлікте (такси көлігінен басқа) жүруге іс жүзіндегі тарифтің елу пайыздық төлемімен жолақысына жеңілдік берілсін.
2. Кентау қалалық әкімдігіне осы шешімді іс жүзіне асыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
З. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Ы. Молдалиев
Қалалық мәслихат хатшысы Е. Аширов