Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N 406 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 3 қыркүйекте N 14-7-66 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 958 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009.11.24 N 958 Қаулысымен.     

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін (Қоса беріледі).
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бейсенбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                О. Нұржанов

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 4 тамыздағы
№ 406 қаулысымен бекітілген

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің "Лизингімен техниканы
сатып алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт лизингімен техниканы сатып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысының 5 бөлімінің 125 тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетіледі. Мекен-жайы: Мұхтар Әуезов көшесі, № 20 үй. Телефон: 6-23-04.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны болып лизингімен техниканы сатып алу үшін анықтама беру.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі-өтініш білдіруші).
      7. Мемлекеттік қызмет келесідей мерзімде көрсетіледі:
      1) өтініш барлық құжаттармен бірге қабылданған күннен бастап қызмет көрсету мерзімі: 30 күн:
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс.
      3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы толық ақпарат Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет аптаның бес күнінде көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде. Қабылдау, алдын-ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады. Жұмыс кестесі: қабылдау – дүйсенбі, жұма күндері сағат 9 00-ден 8 00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс 13 00 – 14 00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      11. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптары: 1) жеке куәлік;
      13. Өтініш нысандары мына мекен жайда беріледі: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 20 үй, 1 қабат.
      14. Жиналған құжаттар тізбесі Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне ұсынылады. Мекен-жайы: Жетісай қаласы, М. Әуезов көшесі, № 20 үй, 1 қабат.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысаны-жоқ.
      16. Анықтама алушыларға жеке куәлігін көрсету арқылы азаматтарды кезекке тіркеу журналына қол қойдыра отырып беріледі. Мекен-жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 20 үй, 1 қабат.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту жазбаша жазып беру негізінде тоқтатылады.

 3. Жұмыс қағидалары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға басшылыққа алатын жұмыс қағидалары:
      - әдептілік,
      - сыпайылық,
      - көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат,
      - тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы,
      - қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету,

 4. Жұмыс нәтижелері

      19. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмыс нәтижелері осы стандарттың қосымшасындағы сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен бағаланады.
      20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

 5. Шағымдану тәртібі

      21. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарының әрекеттеріне шағымдану арызы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығының атына жазылады. Мекен-жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 20 үй, телефон: 6-23-04.
      22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе аудан әкімі аппаратының немесе ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Жұмыс кестесі:
      дүйсенбі – жұма күндері сағат 900-ден 1800-ге дейін жүргізіледі: үзіліс 1300-ден 1400-ге дейін.
      23. Қабылданған арыз – шағым журналда тіркеліп қабылданған күннен бастап 15 күннің ішінде қаралады.
      Қаралған арыз-шағымның нәтижесі арызданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 6. Байланыс ақпараты

      24. Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараттық мәліметтері: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 20 үй, қабылдау бөлмесінің телефон: 6-23-04.
      Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасарының байланыс телефоны: 6-32-62.
      Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмыспен қамтуда жәрдем беру, бөлім мамандарының байланыс телефоны: 6-15-58.
      Жоғары тұрған органдардың байланыс ақпараты, Мақтаарал ауданы әкімдігі, мекен - жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 20 үй, телефон: 6-26-43. Электрондық пошта: www.mahtaral.kz
      25. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алу үшін Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласу қажет. Мекен-жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 20 үй, телефон: 6-23-04.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады