Аудандағы елді мекендерде аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 7/48-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 мамырда N 14-9-62 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 7/49-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012.11.05 № 7/49-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабына сәйкес аудан әкімінің ұсынысын қарап аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандағы елді мекендерде аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері N 1 және N 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.     

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Нарбекова

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Ә. Махатай    

      Аудандық мәслихаттың 2008
      жылғы 7 сәуірдегі N 7/48-ІV
      шешіміне N 1 қосымша

      Отырар ауданындағы елді мекендердегі
      аймақтардың шекаралары.

      Шәуілдір ауылы бойынша:
      1 аймақ - Жібек жолы даңғылы - ПМК-ге дейін.
      Жібек жолының оңтүстігіндегі К. Жақсылықова, Н. Төреқұлов, С. Ерубаев, А. Құрманбаев, Ш. Уәлиханов, Ә. Қаныбеков, Ж. Шаймерденов, Ә. Смайлов, Абай көшелері орталық даңғылдан 250 м дейін оңтүстікке қарай. Жібек жолы даңғылының солтүстігі Лесхоздан бастап А. Дәрібаев көшесіндегі Мектеп интернат Ә. Молдағұлова, КТМ, монша орны, Т. Бозшабаев көшесі Т. Сәрсенбаев көшесі қиылысымен Солтүстікке қарай П. Садықбекқызы көшесімен Әль-Фараби көшесіне дейін Оңтүстікке қарай Мұражай орны қоса есептелген жер учаскелері;
      2 аймақ - Аманкелді, С. Қожанов, Т. Сәрсенбаев
өткелі М. Әуезов, Ж. Рүстемов, С. Айтуаров, С. Сейфуллин, К. Сәтбаев, С. Құрманбеков, Т. Тәжібекова, Қ. Төлбасиев, А. Құлбатыров көшелері, Д. Сарқұлов, К. Тастанбеков
көшелерімен шектелген жер учаскелері;
      3 аймақ - Шәуілдір ауылының қалған жерлері.
      Темір ауылы бойынша:
      1 аймақ - Автобус паркімен Мизамбаев көшесі бойымен, М. Әлиев көшесі бойымен. Темір жол вокзалы аумағы, Б. Момышұлы көшесі Ж. Қазиев көшесіне дейін, мектеп аумағы, Б. Момышұлы көшесі С. Әлиев көшесі М. Құлымбетов көшелерімен шектелген жер учаскелері;
      2 аймақ - Қалған жерлер екінші аймаққа енеді;
      3 аймақ - Темір жолдың Шығыс бетіндегі үйлер және Темірдің батыс жағындағы жаңа құрылысқа бөлінетін жер.
      Арыстанбаба кесенесі аумағы бойынша:
      1 аймақ - Жібек жолының Талапты ауылы бұрылысымен Түркістан жолының бұрылысына дейінгі жер учаскелері.
      Аудан көлеміндегі қалған елді мекен жерлері бір аймақта қалады.      

      Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
      7 сәуірдегі N 7/48-IV
      шешіміне N 2 қосымша

      Отырар ауданының елді мекендерінде базалық ставкаларын түзету коэффициенттері.


Шәуілдір ауылы.




1

Ауыл аймағының аймақтары

1

2

3

2

Аймақтардың түзету коэффициенттері

2,0

1,0

0,5


Темір ауылы.




1

Ауыл аймағының аймақтары

1

2

3

2

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1,5

1,0

0,5


Қоғам елді мекеніндегі Арыстанбаба.




1

Кесенесі аумағындағы жерлерге түзету коэффициенті

1,5



2

Ауданның қалған елді мекендерінде түзету коэффициенті

0,5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады