Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012.02.13 № 48 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары -Л.Тоқбергеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Құртаев