Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қарабұлақ ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 35,0 гектар жерден жер телімі алынып, Қарабұлақ ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 35,0 гектар жер телімі қосылып, Қарабұлақ ауылының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Ирсалиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев
Аудан әкімі М. Әлі