Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Сайрам ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 7 тамыздағы N 9-110/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 8 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 қыркүйекте N 14-10-99 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сайрам ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 74,0 гектар жер телімі алынып, Сайрам ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 74,0 гектар жер телімі қосылып, Сайрам ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Райымқұлов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Тулендиев
      Аудан әкімі                                М. Әлі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады