Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына сәйкес Жібек жолы, Құркелес, Алпамыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жібек жолы ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 5,30 га жер учаскесі Дихан баба ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Қожахан ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдардың шектері өзгертілсін.
2. Құркелес ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 28,0 га жер учаскесі Береке ауылының шегіне, 20,0 га жер учаскесі Қызыл Қазақстан ауылының шегіне, 27 га жер учаскесі Ақ үй ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Дархан ауылының шегіне, 3,0 га жер учаскесі Жаңа талап ауылының шегіне, 7,0 га жер учаскесі Еңкес ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдардың шектері өзгертілсін.
3. Алпамыс батыр ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 11,8 га жер учаскесі Қауыншы ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шегі өзгертілсін.
4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А. Жүзенов
Аудан әкімі Ұ. Сәдібеков
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Қаипов