Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2009.11.04 N 24/4-04 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 1, 2-тармақшаларына және аудан әкімінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 514 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ж.Қарабалаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Қалдыкөзов
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
кезекті ХІV-сессиясының
14/12-04 шешімімен бекітілген
Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі
иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже "Ветеринария туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстеріне сәйкес әзірленген. Ереже Түлкібас ауданында иттер мен мысықтарды ұстау және ауыл поселке тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс – шараларын өткізу тәртібін реттейді.
Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай – ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі – Иелер) қолданылады.
Осы Ереже Түлкібас ауданы аумағында әрекет етеді.
Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
ит – үй жануары, сүт қоректі, қасқыр тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
мысық – үй жануары, сүт қоректі, мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
жануарлардың иесі – ит пен мысықтың асыраушы, күтуші адам;
иесіз жануарлар – тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
иттер мен мысықтарды серуенге шығару – иесінің меншігі болып табылатын орын - жайы тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.
2 тарау. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі
1. Түлкібас ауданының тұрғындарындағы, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы қызметтік, күзеттік, аңшылық иттер және иелердің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттер, сол сияқты мысықтардың барлық түрлері үй жануарларын бірдейлендіру тәртібімен міндетті түрде ветеринариялық клиникаларда, ауыл округтерінде, поселкелік әкімшіліктерде тіркеу жүргізетін органда тізімдік есепке алынып, компьютерлік базаға енгізілуі тиіс. Әрбір тіркеуден өткен үй жануарларына бірдейлендіру реттік саны оның бүкіл өмір сүру кезеңіне сақталады.
Тіркеу барысында иелері осы ережемен таныстырылады. Жануарлар иелерінің ережемен танысқандығы тіркеу кітабына қол қойылумен рәсімделеді.
2. Барлық иттер үш айлық жасынан, мысықтар екі айлық жасынан бастап алғашқы тіркеуден және жыл сайын қайта тіркеуден өтуі тиіс.
3. Үй жануарын асырап алған немесе иесінің мекен – жайы өзгерген жағдайда үй жануарлары екі апта мерзімінде тіркелуі керек.
3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
1. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген уақыты белгіленген жануардың ветеринариялық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, яғни жұқпалы ауруларға қарсы 12 айдан аспаған мерзімде, не болмаса жолға шығардан 30 күн бұрын егілгендігі жөніндегі мәлімет толтырылған ветеринариялық куәлігінің болуы тиіс.
Тұрғындарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиісті иттердің барлық түрлері үш айлық жасынан, ал мысықтарға екі айлық жасынан бастап, құтырма, оба ауруына егуіне және паразитарлық ауруларға қарсы дегильментизация жасатуға міндетті.
2. Иттің иесі ретінде (иелердің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттердің түрлерінен басқа) 14 жасқа толған, ата – анасының жазбаша рұқсаты бар (итті өз атына тіркеу үшін) тұлға болуы мүмкін.
3. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, міндетті түрде жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауы қажет.
4. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық – гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
бір ғана отбасында тұратын тұрғын үй – жайларда;
бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй – жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен);
мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары мен саяжайларда, коммерциялық емес бірлестіктерде және орындарда иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіпсіздік келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
Пәтерлерде иттер мен мысықтардың барлық түрлеріне арналған паналау орындарын ашуға тиым салынады. Ерекше жағдайларда, жергілікті атқарушы органдарға, пәтерлер иелері кооперативтеріне санитариялық – тұрмыстық талаптарды ескере отырып, тиісті ұйымдар мен қызметтерді қатыстыра отырып, пәтерлерде және басқа да коммуналдық нысандарда иттер мен мысықтарды, басқа да зоологиялық түрлері белгіленген саннан артық көлемде ұстауға рұқсат беруге, ұстауды шектеуге немесе толықтай тиым салуға құқық беріледі.
5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарда, үйдің шатырында, жертөлелерде, басқа да қосалқы үй – жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
6. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиіс. Осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіре берісте 20х30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
7. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық – санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екіден көп иттерді ұстауға рұқсат етіледі.
8. Тіркелмеген (есепке алынбаған) және жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға тиым салынады.
9. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін жарыстар, көрмелер және тағы басқа көпшілік шаралар санитариялық – эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау өкілдерінің жазбаша келісімімен және сол ауданның Әкімінің рұқсаты бойынша өткізіледі.
10. Иттер мен мысықтарды олардың терісін пайдалану, етін өндеу, сату, тұтыну үшін өсіруге не болмаса аулауға тиым салынады.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың реті
Иелері итті серуенге шығарғанда келесі талаптарды орындауы тиіс:
1. Иттерді тұмылдырылықпен (декоративті түрінен басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен, Ережедегі 4 тармақтың тармақшаларында және 5 тармақта көрсетілген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
2. Иттердің иелері әрдайым иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен – жайы мен телефондары көрсетілген жетон бекітілген қарғыбау тағуы керек. Иесінің тілегі бойынша жетонды итке қатысты басқа да мәлімет болуы мүмкін.
3. Иттерді тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде иттердің иелері 23 00 мен 07 00 сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
4. Иттердің иелеріне мынадай тиымдар салынады:
1) құтырма, оба ауруына қарсы егілмеген және токсаплазмозға тексерілмеген иттерді серуендетуге;
2) жануарларды рұқсат етілген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерінің, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, тиым салынған ескерту белгісі бар жерлерде серуендетуге;
3) иттерді көпшілік шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
4) көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттен басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарда, азық – түлік дүкендердің сауда жасау және өндірістік орындарда, сервистік қызмет көрсету мекемелері мен мәдениет мекемелеріне әкелуге, ұстауға;
5) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай – ақ көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттерден басқа жануарлармен бірге болуға.
5. Иесі мас болған жағдайда итті ертіп жүруге және көпшілік жүретін орындарда серуендетуге, көлікте алып жүруіне тиым салынады.
5 тарау. Ит пен мысық иелерінің құқықтары
6. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез – келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
7. Ит немесе мысық Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген аурулар түрімен ауырған деп танылған жағдайда, аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың шешімімен, немесе соттың шешімі болған жағдайда ғана иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Егерде ит науқас емес деп танылса, онда ол иесіне қайтарылуы тиіс. Сонымен қатар, ит немесе мысық иелерінен адамға жарақат келтірген жағдайда, қауып алғанда, адамға берілетін аурулардың немесе қауыпты аурулардың болуын тексеру үшін алынуы мүмкін.
6 тарау. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері
Иттер мен мысықтардың иелері төмендегі талаптарды орындауға тиіс:
1. Иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын, тыныштықты жағдайын қамтамасыз ету.
2. Тұрғын үй – жайларда тыныштықты қамтамасыз ету.
3. Алаңдарды, кіреберістерді, сатылық торларды, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуар, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын ластамау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауды жүзеге асыру (қағаз немесе полиэтилен пакеттерін пайдалану).
4. Жануарларды түрлеріне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық – санитариялық талаптарда сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстау, оларға ізгілікті қарау, қараусыз қалдырмау, өздерінің жануарларына қажеттілігіне қарай тамақ беру, таза су ішуге жағдай жасау, ұрмау.
6. Ветеринариялық мекемелердің мамандарына зерттеу және емдеу, алдын – алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз берілуі керек.
7. Иттер мен мысықтарды үш және екі айлық жасынан бастап жыл сайын ветеринариялық емханаларға клиникалық байқауға және құтырма, оба ауруымен және басқа да инфекциялық, инвазиялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын қолдануға әкеліп отыру, ветеринариялық құжатына тиісті жазбаларды белгілеп отыру.
8. Иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауруға күдікті болғанда жедел түрде ветеринариялық мекемелерге хабарласу, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз орындау.
9. Иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды қауып алған, жарақаттаған жағдайларда жедел түрде медициналық мекемелерге, ветеринариялық емханаларға хабарласу, осы жануарларды бақылауға және карантиндік іс – шараларды қолдануға тапсыру. Жарақаттауға кінәлі ит немесе мысықтың иесі жарақаттаушыға өзінің аты-жөнін және мекен – жайын хабарлауға тиіс.
10. Ит немесе мысық адамға жарақат жасаған кезде емделудің, оның ішінде жәбірленушінің жарақат алғанға дейінгі алғашқы түр – тұлғасының және дене бітімінің толығымен орнына келуіне дейінгі косметикалық операциялардың толық құнын өтеуі керек.
11. Ит немесе мысықты одан әрі ұстауға мүмкіндік болмағанда оны басқа тұлғаға берілетін жағдайда заңдастырылуын қамтамасыз ету, ит пен мысықты тастап кетуге (иесіздікке ұшыратуға) қатаң тиым салынады.
12. Үй жануарларының (ит, мысық) өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болған жағдайда жедел түрде ветеринариялық мекемелерге хабарласу қажет және осы жануарлар ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулануы тиіс.
Ит немесе мысық белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларда ветеринариялық мекемелерге немесе лицензияланған ветеринариялық дәрігерлерге өлудің себебін анықтау үшін хабарласу қажет.
7 тарау. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау
1. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселелерін жинайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
2. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдармен аулаудың жағдайлары реттелген келісім – шарт жасаған арнайы ұйымдар немесе жеке тұлғалары (лицензиясы бар) тарапынан жүзеге асады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын ұйымға немесе жеке тұлғаға жүктеледі.
3. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтар қараусыз жүрген жануарларды уақытша ұстайтын орынға орналастырылады және сол жерде бес тәулік бойына ұсталады. Ұстау мерзімі өткеннен соң жануарлар басқа тұлғаға беріледі немесе инъекция енгізу арқылы өлтіріледі.
4. Ауланған уақыттан бастап бес тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелерін қараусыз жүрген жануарларды аулау жөнінде арнайы қызметтерге немесе иесіз жануарларды уақытша ұстау орындарында қайтарып алу үшін хабарласуына болады. Жануарлардың уақытша сақтау орындарында ұстау шығындары иелерінің есебінен өтелінеді.
5. Ауланған жануарларды уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, ауланған жануарларды бес тәулік мерзімінде ұстау қараусыз жүрген жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге жүктелінеді.
6. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде:
Ауланған үй жануарларын иемденуге, жеке тұлғалар мен ұйымдарға сатуға немесе беруге рұқсат етілмейді.
8 тарау. Ереженің сақталуын бақылау
Аудан аумағында иттер мен мысықтар ұстау Ережелерінің аудан елді мекен тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берген мемлекеттік органдар: АШМ АӨК МИК Ветеринариялық қадағалау қызметі және Ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қараусыз жүрген үй жануарларын аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында жүрген қараусыз иттер мен мысықтар туралы хабарлайды және оларды ұстауға қатысады.
Ветеринариялық қызметтердің мамандарына эпизоотияға қарсы іс – шараларды жүргізуге көмек көрсетеді.
1. Ішкі істер органдары:
1) иттерді серуендету және көлікте тасымалдау тәртібінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл округтері мен поселкелік әкімшілік АТК, эпидемиологиялық бақылау мекемелеріне азаматтар, ұйымдар мен мекемелер тарапынан осы Ережелердің сақталуына бақылау және сақталмаған жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартуға қажетті көмек көрсетеді;
3) иелерінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттері бар азаматтарға, ұйымдарға және кәсіпорындарда оларды ұстау және көбейту құқығына келісім беруге қатысады;
4) өздеріне берілген өкілеттілік шегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолданылады;
5) осы Ережелерді бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік ветеринариялық және санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдары:
жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы егеді;
басқа жерлерге шығар кезде жануарларға ветеринариялық куәліктер береді;
қаңғыбас үй жануарларын аулайтын қызметтерге жұмысты ұйымдастыру жөнінде көмек көрсетеді;
үй жануарлардың иелері тарапынан ветеринариялық және санитариялық куәліктер береді;
осы Ережелерді бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
кинологиялық қызметтер атқаратын клубтарға және қоғамдарға, иттерді ұстайтын кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге ветеринариялық саладағы нысандар ретінде ветеринариялық тіркеу құжаттарын береді;
жануарлардың ауруларын болдырмау үшін және ол аурулардың адам ағзасына жұқтырмау үшін тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді.
9 тарау. Жануарлар иелерінің осы Ережелерді
бұзғандары үшін жауапкершілігі
Ветеринариялық – санитариялық ережелер мен тәртіпті бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 310; 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл істі жүргізу тиісті құзырлы органдар құзіретіне жатады.
Тіркелуге тиісті иттер мен мысықтардың иелері оларды Ереже күшіне енгеннен бастап алты ай мерзім ішінде тіркетуі қажет.