Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009.02.19 N 16/113-IV Шешімімен.
2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Шардара ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. N 2 қосымшаға сәйкес Шардара аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Қарабаева
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бердібеков
Шардара аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 сәуірдегі
N 7-55-IV шешіміне 1 қосымша
Шардара ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкалары.
N |
Қызметтің түрі |
Өлшем бірлігі |
Біржолғы |
1 |
Азық -түлік тауарларын сату |
1 орынға |
100 |
2 |
Өнеркәсіпті тауарлар сату |
1 орынға |
100 |
3 |
Бау-бақша өнімдерін сату |
1 орынға |
50 |
4 |
Машина үстінен сатылатын барлық тауарлар түрлеріне |
1 күнге |
250 |
5 |
Халықтың тұтыну тауарларын сату |
1 орынға |
80 |
6 |
Ет және ет өнімдерін сату |
1 орынға |
150 |
7 |
Балық және балық өнімдерін сату |
1 орынға |
100 |
8 |
Автоқосалқы бөлшектерін сату |
1 орынға |
500 |
9 |
Жылқы, қара мал сату |
1 бас |
80 |
10 |
Қой, ешкі сату |
1 бас |
60 |
11 |
Үндік, тауық сату |
1 бас |
30 |
12 |
Сүт және қышқыл өнімдерін сату |
1 орынға |
50 |
13 |
Нан және кондитер тағамдары, салаттар сату |
1 орынға |
50 |
14 |
Ұн, құмшекер, күріш және баска да астық өнімдерін (қаппен сату) |
1 орынға |
150 |
15 |
Темекі (бөлшек сауда), насыбай сату |
1 орынға |
50 |
16 |
Жиһаздар, кілемдер сату |
1 орынға |
150 |
17 |
Ауылшаруашылық өнімдерін (картошка, пияз, сәбіз, капуста т.б.) қаппен сату |
1 орынға |
100 |
18 |
Кептірілген жемістер сату |
1 орынға |
80 |
19 |
Аудио-бейне таспаларын сату |
1 орынға |
150 |
20 |
Дүңгіршексіз жерлерде ас-тағамдарын дайындап сату |
1 орынға |
80 |
21 |
Құрылыс заттарын сату |
1 орынға |
150 |
Шардара аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 сәуірдегі
N 7-55-ІV шешіміне 2 қосымша
1. Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 12 маусымдағы "Шардара ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" N 17-45-II шешімінің (облыстық Әділет басқармасында N 609 тіркелген, 2002 жылғы 2 тамыздағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған).
2. Шардара аудандық мәслихатының 2005 жылғы 19 қаңтардағы Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 12 маусымдағы N 17-45-II "Шардара ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінде N 1690 тіркелген, 2005 жылғы 11 ақпандағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған).
3. Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы Шардара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 12 маусымдағы N 17-45-II "Шардара ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" (Шардара аудандық Әділет басқармасында N 14-15-36 тіркелген, 2007 жылғы 18-25 қаңтардағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған).