Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009.02.19 N 16/113-IV Шешімімен.
2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 394 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 және 2006 жылғы 23 қазандағы N 1016 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тіркелген жиынтық салық ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. N 2 қосымшаға сәйкес Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Қарабаева
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бердібеков
Шардара аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 сәуірдегі
N 7-58-ІV шешіміне 1 қосымша
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері.
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
15 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
20 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
10 |
4 |
Ойын жолы |
55 |
5 |
Бильярд үстелі |
30 |
Ескертпе: тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.
Шардара аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 сәуірдегі
N 7-58-ІV шешіміне 2 қосымша
1. Аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы "Тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 12-107-11 шешімінің (облыстық Әділет басқармасында N 457 тіркелген, 2002 жылғы 22 мамырдағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
2. Шардара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы Шардара аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-107-11 "Тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылдың 16 қаңтардағы N 457 тіркелген (Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында N 920 тіркелген, 2003 жылғы 25 шілдедегі аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
3. Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 қазандағы Шардара аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-107-ІІ "Тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінде N 1591 тіркелген, 2004 жылғы 10 желтоқсандағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
4. Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 18 қаңтардағы Шардара аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-107-11 "Тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (Шардара аудандық Әділет басқармасында N 14-15-19 тіркелген, 2006 жылғы 9 ақпандағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған);
5. Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы Шардара аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-107-11 "Тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" (Шардара аудандық Әділет басқармасында N 14-15-34 тіркелген, 2007 жылғы 18-25 қаңтардағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған).