Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 245 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 шілдеде N 14-15-61 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 70 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012.02.10 № 70 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1 тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшасына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданда жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті
мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының қабылдануына орай, заңда белгіленген тәртіппен, тиісті мекемелермен жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                М. Мараим

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады