Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 441 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 22 ақпанда N 2476 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,"Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызметтің режимі белгіленсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.В. Плотниковке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі
      Келісілді:
      Ертіс бассейндік су шаруашылығы
      басқармасының бастығы

      

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
4 ақпандағы N 441
қаулысына қосымша

Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Рет
саны
Су объек
тісі,
оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
шекара
сының
ұзынды
ғы,
(шақы
рым)
алаңы,
(гек
тар)
орташа
ені
(метр)
шека
расы
ның
ұзын
дығы,
(шақы
рым)
алаңы,
(гек
тар)
орташа
ені
(метр)
1.
Шүлбі су
қоймасы
212
13056
500-1000
265
2404
50-350

      
      Ескертпе:
      1. Су қорғау аймағының ені қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;
      1) Убаредмет ауылының шығысына қарай жырасайдағы Шульбинка, Осиха, Оба, Қызылсу, Ковалевка өзендерінің қосылатын орындарында 1000 метр;
      2) қайта өңдеудің соңғы сатысын ескерумен жағалауларды қайта өңдеу орындарында 500 метр.
      2. Су қорғау белдеуінің ені 50 метрге белгіленеді:
      1) қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;
      2) жағалауларды қайта өңдеу орындарында - қалыпты тежелген деңгей кезінде соңғы қайта өңдеу сатысынан бастап.
      3. Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады