Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.10.2020 № 42/486-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына , Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. " Облыстық маңызы бар қалаларда жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекарасын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/33-ІІІ шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1576 тіркелді, 2004 жылғы 3 ақпандағы N 18 "Рудный Алтай", 2004 жылғы 31 қаңтардағы N 10 "Дидар" газеттерінде жарияланды") мына өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"1. Аймақтардың шекаралары бекітілсін:
Өскемен қаласында Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы N 7/2 "Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сүлбісі) туралы" шешімімен бекітілген жерлерді аймақтарға бөлу жобасының (сүлбісінің) 5, 6 қосымшалары бойынша;
Семей, Зырян, Риддер қалаларында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 20/8-ІІ "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жерлерін аймақтарға бөлу сүлбісін бекіту туралы" шешімімен бекітілген аймақтарға бөлу сүлбісі бойынша.";
2) көрсетілген шешімге 1 қосымша "Өскемен қаласындағы жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері" осы шешімнің 1-қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын;
3) осы шешімге 2, 3 қосымшаларға сай 5, 6 қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. АХАЕВ |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі N 7/101-IV шешіміне 1 қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/33-III шешіміне 1 қосымша |
Өскемен қаласындағы жер телімдері үшін төлемнің
базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Бағалау аймақтарының нөмірлері | Жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттері | Бағалау аймақтарының нөмірлері | Жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттері |
1 | 0,54 | 5 | 1,31 |
2 | 0,78 | 6 | 1,47 |
3 | 0,91 | 7 | 1,69 |
4 | 1,10 | 8 | 1,94 |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі N 7/101-IV шешіміне 2 қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/33-III шешіміне 5 қосымша |
Өскемен қаласындағы жер телімдері аймақтарының шекарасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі N 7/101-IV шешіміне 3 қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 3/33-III шешіміне 6 қосымша |
Өскемен қаласындағы жер телімдері аймақтарының шекаралары
N 1 бағалау аймағы
Негізінен қаланың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде шоғырланған екі бағалау учаскесінен тұрады. Аймақтың құрамына мынадай массивтері кірді: әуежай маңындағы саяжай массивтері, Жаңа Гавань, Старый подхоз, Ескі Согра және 10 - ұн тарту зауыты тұрғын массивінің маңы.
N 1 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Прохладный массивінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан саяжайларды қоспағанда, әуежайдан оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массиві кіреді.
N 1 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге Үлбі өзенінің жағалауынан Охотская көшесіне дейінгі Ескі Согра массивінің аумағы кіреді. Учаскенің шекарасы Охотская көшесінен Вешний тұйық көшесі бойымен солтүстікке қарай Дружинниктер көшесімен қиылысқа дейін, содан кейін Целиноградская көшесімен қиылысқа дейін, Согринская көшесіне дейін өтеді. Әрі қарай Согринская көшесі бойымен Новый подхоз және Старый подхоз тұрғын массивтеріне дейін олардың аумақтарын қосып өтеді.
Осы учаскенің құрамына Жаңа Гавань тұрғын массивінің және онымен қатар орналасқан саяжай массивінің, сондай-ақ 10-ұн тарту зауыты тұрғын массивінің маңы кіреді.
N 2 бағалау аймағы
Негізінен, қаланың солтүстік-батыс бөлігінен орын алған төрт бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай тұрғын массивтері кірді: Защита, Прохладный, Стройплощадка, Ворошилов базарының маңы, Комендантский түбегі, Тополиная роща маңының жеке меншік секторы.
N 2 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Комендантский түбегінің аумағы кіреді.
N 2 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге солтүстігінде өнеркәсіп торабымен шектесетін мынадай шекаралардағы қала аумағы кіреді: Бажов көшесінен өнеркәсіп кәсіпорны аумағының шекарасы бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейін, сонан соң даңғыл бойымен Белинский көшесінің қиылысына дейін, Михаэлис көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Алматинская көшесіне дейін. Содан кейін солтүстік-шығысқа қарай Ворошилов көшесіне дейін, Ворошилов көшесі бойымен, көп қабатты құрылысты қоспай, Красин көшесі бойымен Саратов тұйық көшесіне дейін, Роза Люксембург және Тихая көшелерінің қиылысына дейін. Әрі қарай шекара Үлбі өзенінің сол жағалауы бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Тракторная көшесінің қиылысына дейін және соның бойымен өнеркәсіп торабына дейін өтеді.
N 2 бағалау аймағының N 3 учаскесі
N 3 учаскеге Прохладный массивінің аумағы, сондай-ақ жеке сектор ауданы кіреді. Бағалау аймағының шекарасы 2-Паровозный тұйық көшесі бойымен Деповская көшесіне дейін, содан кейін 1-Паровозная тұйық көшесімен қиылысқа дейін, Элеваторная көшесіне дейін, соның бойымен Грейдерная көшесі мен Вытяжной тұйық көшесіне дейін, әрі қарай Нефтяная көшесі бойымен Западная көшесіне және Тәуелсіздік даңғылына дейін өтеді. Тәуелсіздік даңғылы бойымен Мостовая көшесіне дейін, Сафонов көшесі бойымен Гурьевская көшесіне дейін, одан әрі Целинный тұйық көшесі бойымен Пограничная көшесіне дейін және Ертіс өзенінің бойымен өтеді. Әрі қарай бағалау аймағының шекарасы Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен әуежайдан оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массивіне және Прохладный массивіне дейін өтеді.
N 2 бағалау аймағының N 4 учаскесі
N 4 учаскеге Защита тұрғын ауданының аумағы және оңтүстік-шығыс жағынан өнеркәсіп торабының аумағы кіреді.
N 3 бағалау аймағы
Бес бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай массивтері кірді: Мирный кентінің маңындағы саяжай учаскелері, Жаңа Согра ауданы, Аблакетка ауданының саяжай массивтері, Конденсаторный зауытының аумағы, Шмелев лог тұрғын массивінің бөлігі.
N 3 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Жаңа Согра тұрғын ауданының аумағы Охотская (Согринская) көшесінен Вешний тұйық көшесіне дейінгі, Егоров көшесіне дейінгі, Менделеев көшесіне дейінгі шекараларда, көп қабатты құрылысты қоса ала отырып, кіреді.
N 3 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге Мирный кентінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы кіреді.
N 3 бағалау аймағының N 3 учаскесі
N 3 учаскеге Мирный кентінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы кіреді.
N 3 бағалау аймағының N 4 учаскесі
N 4 учаскеге Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Аблакетка тұрғын массивінен оңтүстікке қарай орналасқан саяжай массивінің аумағы және Конденсаторный зауытының аумағы кіреді.
N 3 бағалау аймағының N 5 учаскесі
N 5 учаскеге әуежай және Кірпіш зауыты маңындағы тұрғын массивтердің аумақтары кіреді.
N 4 бағалау аймағы
Үш бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай массивтері кірді: Мирный кенті, Гоголь көшесінің маңы, Гагарин желекжолының маңы, Шмелев лог тұрғын массивінің бөлігі, Красин кентінің және іргелес аумағы.
N 4 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Мирный тұрғын массивінің аумағы және "ВостокМашзавод" акционерлік қоғамының аумағы кірді. Учаскенің шекарасы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Гагарин желекжолымен қиылысқа дейін, Металлург саябағы бойымен, оның аумағын қоспай, Виноградов көшесіне дейін, соның бойымен Белинский көшесімен қиылысқа дейін, әрі қарай Михаэлис көшесі бойымен Алматинская көшесіне дейін, 30-Гвардиялық дивизия көшесіне дейін, Карбышев көшесіне дейін, содан кейін Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен Актюбинская көшесіне, саяжай массивінің бойымен Дружба көшесіне дейін, Целинная көшесіне дейін, жеке сектор бойымен Сафонов көшесіне дейін және Лопатинский тұйық көшесі бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейін.
N 4 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге Красин атындағы кенттің аумағы, гараж кооперативтері және басқа объектілері кіреді.
N 4 бағалау аймағының N 3 учаскесі
N 3 учаскеге Аблакетка тұрғын массивінің солтүстік-шығыс бөлігінің жеке тұрғын үй құрылысы аумағы Северная көшесінің шегінде, сондай-ақ Лесхоз маңындағы саяжай массивтері кіреді.
N 5 бағалау аймағы
Бес бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай тұрғын массивтері кірді: солтүстік өнеркәсіп торабының оңтүстік-батыс бөлігі, Шмелев лог тұрғын массивінің және Лесозавод тұрғын массивінің бөлігі. Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылға дейін Левый берег ауылының аумағы.
N 5 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Ертіс өзенінің сол жағалауының аумағы Иртышская өзенінің шекарасында қаныш Сәтпаев атындағы даңғылмен қиылысқа дейін, 14-тұрғын ауданға дейін (ЖМК маңы), Металлург кенті шекарасының бойымен Прииртышская көшесіне дейін, әрі қарай Ертіс өзенінің сол жағалауы бойымен кіреді.
N 5 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі өнеркәсіп кәсіпорнының және Согринская, Егоров көшелерінің шекараларындағы саяжай массивінің аумағы кіреді, соның бойымен Менделеев көшесіне және Вешний тұйық көшесіне дейін.
N 5 бағалау аймағының N 3 учаскесі
N 3 учаскеге Мыза көшесінен Үлбі өзенінің жағалауына дейінгі шекарада Шмелев лог тұрғын массивінің аумағы кіреді.
N 5 бағалау аймағының N 4 учаскесі
N 4 учаскеге теміржолдан оңтүстікке қарай орналасқан өнеркәсіп объектілерінің аумағы Деповская көшесінен 1-Паровозный тұйық көшесіне, Нефтяная көшесіне дейінгі шекараларда барлық объектілерімен теміржол тармағын қоса кіреді.
N 5 бағалау аймағының N 5 учаскесі
N 5 учаскеге Ертіс өзенінің оң жағалауынан Лесозавод массивінен шығысқа қарай орналасқан саяжай массивіне дейінгі Лесозавод тұрғын массивінің аумағы кіреді.
N 6 бағалау аймағы
Үш бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай тұрғын массивтері кірді: солтүстік өнеркәсіп торабының солтүстік бөлігі, Аблакетка ауданы, 14-тұрғын ауданы (ЖМК маңы), 23-тұрғын ауданы, Лесозавод тұрғын массивінің батыс бөлігі.
N 6 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Арматура зауытының маңындағы өндірістік объектілердің аумағы, тұндырғыштар аумақтары, Загородний кенті және Ескі Согра массивінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан саяжай массиві кіреді.
N 6 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге 14-тұрғын ауданы (ЖМК маңы), 23-тұрғын ауданы, саяжай массивтері кіреді.
N 6 бағалау аймағының N 3 учаскесі
N 3 учаскеге Северная көшесінен, саяжай массивінен Ертіс өзенінің оң жағалауына дейінгі шекарадағы Аблакетка массивінің аумағы кіреді.
N 7 бағалау аймағы
Екі бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай тұрғын массивтері кірді: Металлург кенті, Үлбі кенті.
N 7 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Металлург кентінің және Үлбі кентінің аумақтары Ертіс өзенінің сол жағалауына дейін кіреді. Аталған учаскеге саяжай массиві кірмейді.
N 7 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге Солтүстік өнеркәсіп торабының аумағы кіреді.
N 8 бағалау аймағы
Екі бағалау учаскесінен тұрады. Оның құрамына мынадай тұрғын массивтері кірді: Стрелка шағынауданы, Приборлар зауыты, Өзен вокзалы, Студенттер қалашығы және Спорт сарайының аудандары.
N 8 бағалау аймағының N 1 учаскесі
N 1 учаскеге Е.П. Славский атындағы жағалаудың шекарасындағы Стрелка шағынауданы, Александр Протозанов есіміндегі көшеге дейін, Мыза көшесіне дейін қаланың орталық бөлігінің аумағы кіреді. Әрі қарай Новаторлар көшесі бойымен қабанбай батыр есіміндегі көше бойымен Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен Е.П. Славский атындағы жағалауға дейін.
N 8 бағалау аймағының N 2 учаскесі
N 2 учаскеге Спорт сарайының маңындағы қаланың орталық бөлігі кіреді. Абай даңғылынан Космическая көшесіне дейінгі аумақ, Ворошилов көшесінен Красин көшесіне дейін, Үлбі өзенінің сол жағалауына дейін. Әрі қарай учаскенің шекарасы жағалау бойымен Солнечная көшесіне дейін, Студенттер қалашығының аумағын қоса өтеді.