Өскемен қаласында 2008 жылы азаматтарды шақыру учаскелерінде есепке тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 4568 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 ақпанда N 5-1-78 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.03.05 № Ин-5/166 хатымен

       Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.03.05 № Ин-5/166 хатымен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), заңмен белгіленген мерзімде (қаңтар - наурыз) 1991 жылы туған азаматтардың және сонымен қатар бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу ұсынылсын.

      2. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеу кезінде шақыру учаскесі құрылсын, меке-жайы: Протозанов көшесі 37.

      3. Есепке тіркеу бойынша төмендегі құрамда комиссия құрылсын:

Айдын Жақыпбеқұлы Сарсенбинов    

комиссия төрағасы, "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)

Мағаша Әшметқызы Сайдуақасова   

комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы

Комиссия мүшелері:

Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов      

"Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Игорь Анатольевич Журавков  

медицина комиссиясының төрағасы,
"Амбулаториялық орталық" мекемесінің
дәрігер-хирургі (келісім бойынша)

Татьяна Викторовна Турова           

комиссия хатшысы, "Амбулаториялық орталық" мекемесінің медбикесі  (келісім бойынша)

      4. Тіркеу жұмыстарын өткізу комиссияның жұмыс ережесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 15.40-қа дейін.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және рентгенологиялық тексеруді өткізуді ұйымдастырсын, медициналық комиссия дәрігерлерінің жолдамалары бойынша шақырылатындарды стационарлық зерттеу және емдеу үшін қажетті төсек орындарын бөлсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Ә. Сайдуақасоваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады