Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 8/73-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 шілдеде N 5-2-90 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 15/112-IV шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.02.20 N 15/112-IV шешімімен.
      
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік- бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны  үшін төлемақы ставкалары бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Қалалық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2002 жылғы 27 қарашадағы № 24-3 «Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы(көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» (2002 жылғы 25 желтоқсанда № 1036, нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2002 жылғы 18 қазандағы «Семей таңы» газетінің № 42, 2002 жылғы 18 қазандағы «Семипалатинские вести» газетінің № 36 сандарында жарияланған).
      2) 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 «2002 жылғы 27 қарашадағы № 24-3 «Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2005 жылғы 27 қаңтарда № 2155, нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 4 ақпандағы «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газетінің № 5 сандарында жарияланған).
      3. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                            Е. Сұлтанов
      
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                          Қ. Мирашев

      2008 жылғы 20 маусымдағы
      N 8/73-IV шешіміне
      қосымша

Семей қаласының жергілікті маңызды ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде және қалаға әкімшілік-бағынышты елді
мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны
   үшін төлемақы ставкалары

Әрбір беті үшін жарнама алаңының көлемі (алаң шаршы метрмен)

Төлем сомасы (айлық есептік көрсеткіште)

1 ш.м.дейін

1 АЕК

1-ден 3 ш.м.дейін

2 АЕК

3-тен 5 ш.м.дейін

4 АЕК

5-тен 10 ш.м. дейін

6 АЕК

10-нан 20 ш.м.дейін

10 АЕК

20-дан 30 ш.м.дейін

16 АЕК

30-дан 60 ш.м.дейін

18 АЕК

60-тан жоғары

20 АЕК

10-нан 20 ш.м.дейінгі призматрон, онымен бірге бейнелеу

10 АЕК

1 ден 20 ш.м.дейінгі тұрақты объектілерге арналған автомобильдер жарнамасы (орнату)

28 АЕК

 
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                       Қ. Мирашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады