Қаланың мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2008 жылғы 21 қазандағы № 1215 ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 “Ветеринария туралы” Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне ірі қара малдарынан және Алғабас ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қойылсын.
2. Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі ірі қара малдарынан 1-қосымшаға сәйкес және Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан 2-қосымшаға сәйкес, бруцеллез ауруының алдын алу және жою туралы қоса беріліп отырған іс - шаралар бекітілсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбековке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Оразалиев |
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 04 қарашадағы № 1238 қаулысына 1-қосымша |
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі
ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының алдын-алу және
жою жөніндегі іс-шаралар
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 4 қарашадағы № 1238 қаулысына 2-қосымша |
Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан
бруцеллез ауруының алдын-алу және жою жөніндегі
іс-шаралар
№ п/п | Іс-шаралардың аталуы | Мерзімдері | Жауаптылар |
1. | Алғабас ауылдық округіндегі барлық малдардың түрі есепке алынсын. | үнемі. | Кент ауылдық округ әкімі |
2. | Алғабас ауылдық округіне уақтылы ветеринарлық- санитарлық шараларды жүргізу. | үнемі. | ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
3. | Алғабас ауылдық округіне басқа жақтан малдарды әкеліп,қосуға және әкетуге жол бермеу. | үнемі. | ауылдық округ әкімі |
4. | Алғабас ауылдық округінде бруцеллез ауруымен ауырған малдар жайылған жайылымдардан дайындалған мал азығын үш ай уақыт сақталғаннан кейін ғана пайдалану. | сауықтыру уақыты кезінде | ауылдық округ әкімі |
5. | Қой-ешкі малдарының сүтін саууға тыйым салу. | сауықтыру уақыты кезінде | ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
6. | Бруцеллезге оң нәтиже берген аулалардағы қой-ешкі малдарынан 15-20 күн сайын қан алынып серологиялық жолмен (РА, РСК, РДСК, РБП) бруцеллез ауруына тексеру. | толық сауыққанша | ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
7. | Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды басқа малдардан бөлек 5 тәуліктен артық ұстамау, 2003 жылдың 28 сәуірінде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ветеринария саласында нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 407 қаулысы бойынша ауру малдар жойылғаннан кейін мал иелеріне келген шығынның орнын толтыру. | сауықтыру уақыты кезінде | ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК "Республикалық індетке қарсы жасақ" |
8. | Әрбір бруцеллез ауруына шалдығып жойылған қой-ешкі малдарының тұрған орындары мұқият тазаланып, дезинфекция жасалынуы керек. Дезинфекцияның дұрыс жасалғанының қортындысын тексеру үшін ветеринарлық зерітханаға сараптама жасауға сынама (проб) іріктеп алып, оны жіберу. | сауықтыру уақыты кезінде | ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
9. | Жасы 16-ға толмаған жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді төл алу науқанына қатаң түрде қатыстырмау керек. | төл алу науқанында | ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы |
10. | Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан соңғы екі жолғы қанның серологиялық тексерісінде теріс нәтиже бергенше тексеріп, соңынан мал қораларына толық дезинфекция жүргізу. | толық сауыққанша | ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
11. | Алғабас ауылдық округінің тұрғындары медициналық дәрігердің қадағалауында болуын және адамдардың жеке басының санитарлық зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтауларын, малдарды күтуде арнаулы киімдерді пайдалануын қадағалау. | үнемі | ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы |
12. | Алғабас ауылдық округінің тұрғындарына малдан жұғатын бруцеллез ауруының алдын алу және одан сақтану туралы насихат жұмыстарын жүргізу. | үнемі | ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы |
13. | Тексергенде екі рет теріс нәтиже алғаннан соң, қой-ешкі малдары 3 ай уақытқа бақылауға қойылып, 1-1,5 ай аралығында серологиялық әдіспен екі рет тексеруден өткізу. | сауыққаннан кейін | ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ |
Ауыл шаруашылығы | |
бөлімінің бастығы | А. Доғалақов |
ШҚО МСЭҚД – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті.
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы.
РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.