Сыртқы (көрнекілік) жарнаманы орналастыруға төлем ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі N 10/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде N 5-4-96 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2009.01.29 N 14/9-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2009.01.29 N 14/9-IV шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының, "Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 489, 491-баптарының, "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының, Қазақстан Республикасының "Елді мекендерге сыртқы (көрнекілік) жарнама нысаналарын орналастыру Ережесін бекіту туралы" Үкімет Қаулысы 3-тармағының шеңберінде Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бір шаршы метрге 0,5 АЕК (айлық есептеу көрсеткіші) көлемінде сыртқы (көрнекілік) жарнаманың басқа нысаналарын, плакат, стенд, жарық табло, билборд, транспарант, жарқағаз ретінде Риддер қ. аумағында елді мекендерде орынжай сыртындағы ашық кеңістікте және жергілікті мәндегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының сыртқы (көрнекілік) жарнаманы орналастырудың ай сайынғы төлем ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жариялау күнінен кейін он күнтізбелік күн өткені бойынша қызметіне кіріседі.
      3. Мәслихаттың 2006 жылғы 18 қазандағы № 28/6-III "Сыртқы (көрнекілік) жарнаманың нысаналарын орналастырудың төлем ставкалары туралы" шешімі күшін жойды деп саналып 2006 жылғы 21 қарашадағы нөмірі 5-4-46 норматівті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелді.

      Кезекті сессиясының төрағасы           О.СОЛОННИКОВ

      Қалалық мәслихат хатшысы               А.ЕРМАКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады