Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2009.07.24 N 18/9-IV шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабын басшылыққа ала отырып, 2008 жылғы 22 қыркүйектегі ШҚО Риддер қалалық сотының шешімі негізінде, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5/3-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 9 қаңтарында № 5-4-77 тіркелген., «Лениногорская правда» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 2 санында жарияланған), «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 5/3-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 7/7-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 16 мамырында № 5-4-93 тіркелген., «Лениногорская правда» газетінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 21 санында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға келесі өзгерістер енгізілсін:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің шарттары» 2 бөлімнің 12 тармағындағы «Ескі қарызды өтеу коммуналдық қызметтер байланыс қызметтерін жабдықтаушылармен тексеріледі және келісіледі» деген сөйлем алынып тасталсын.
Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.
Кезекті сессияның төрағасы А. Анчугин
Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Ермаков