Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округіне ветеринарлық шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 124 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 желтоқсанда N 5-6-79 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 2137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 2137 қаулысымен.
       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағынының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округі бруцеллез ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
      2. Аягөз ауданының Тарлаулы ауылдық округі карантинді аймақ деп танылып, 2009 жылға ветеринариялық шектеу қойылсын.
      3. Аудандық аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторына (С. Докуртов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Б. Тлебалдин) (келісімі бойынша), аудандық ішкі істер бөліміне (С. Кайпеков) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                 Н. Әзімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады