Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2009.05.29 N 612 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының Ақшатау ауылдық округі құтыру ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
2. Аягөз ауданының Ақшатау ауылдық округі карантинді аймақ деп танылып, ветеринариялық шектеу қойылсын.
3. Аягөз ауданының Ақшатау ауылдық округінің әкіміне (А. Ибрайшин) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды жүргізуі тапсырылсын.
4. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторына (С. Докуртов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Б. Тлебалдин) (келісімі бойынша), аудандық ішкі істер бөліміне (С. Кайпеков) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі Н. Әзімбаев