Мүгедектердің жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N 52 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 наурызда N 5-8-57 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 669 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013.03.29 № 669 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабының 7–тармағы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабының 1-тармағының 13 - тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Занының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданының жұмыс берушілеріне жалпы жұмыс орны санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Т.Урашеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Бородулиха ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                          Т. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады