Ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және үй - жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 мамырдағы N 8-2-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 6 маусымда N 5-8-62 тіркелді.Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 17-10-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-10-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 15 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 489 бабының 1 тармағына және 491 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 "Жарнама туралы" Заңының 11, 12 баптарына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және үй- жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми түрде жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      
      
      Сессия төрағасы,аудандық
      мәслихат хатшысының м.а.                       В. Лопатин

   Аудандық мәслихаттың
      2008 жылғы 6 мамырдағы
      N 8-2-IV шешімге
      қосымша

      Ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын
     автомобиль жолдарнының бөлінген белдеуіндегі және
    үй - жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі,сол
    сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі
     сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін
      төлемақы ставкалары

      1 шаршы метрге дейінгі алаң- 150 теңге ай сайын;
      1- ден бастап 2 шаршы метрге дейінгіні қоса алғанда - 300 теңге ай сайын;
      2- ден бастап 3 шаршы метрге дейінгіні қоса алғанда - 500 теңге ай сайын;
      3- ден бастап 5 шаршы метрге дейінгіні қоса алғанда - 700 теңге ай сайын;
      5 шаршы метрден артық жарнамалық ақпараттарды орнатқан кезде айлық төлемақы ставкасы 1 шаршы метр үшін 400 теңге есебімен парақ көлемінің ұлғайғандығына қарай тепе- тең көтеріледі.
      
      
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                    Н. Афанасьева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады