2008 жылғы 6 мамырдағы N 8-2-IV "Ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және үй - жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 11-2-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қыркүйекте N 5-8-64 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 17-10-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21. N 17-10-IV шешімімен.
      
      Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы прокурорының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 7-06-1190-08 аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 мамырдағы N 8-2-IV "Ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және үй - жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары туралы" (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-62 санымен тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда аудандық "Пульс района" газетінің № 26 санында жарияланған) шешімнің жекелеген ережелері бойынша наразылығын қарап, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Шешімге келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) Шешімнің атауы келесі түрде толықтырылсын:"Ауданның елді мекендеріндегі ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және үй - жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктердегі, сол сияқты жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары туралы" және мәтін бойынша одан әрі "ортақ пайдаланылатын" деген сөзден кейін "жергілікті маңызы бар" сөздері қосылсын.
      2. Осы шешім Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны ресми түрде жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                В. Ежова
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                      Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады