2009 жылға біржолғы талондардың бағасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 11/9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 5-9-96 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 345 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.12.28 N 345 хатымен.

      «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік табыстар Министрінің «Біржолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Глубокое ауданының базарларында тауарлар сатуға, сондай-ақ эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалардың қызметіне құқық беретін біржолғы талондардың бағасы осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Күштері жойылды деп танылсын:
      Глубокое аудандық мәслихатының «Біржолғы талондардың бағасы туралы» 2006 жылғы 8 ақпандағы № 20/13-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-27 болып тіркелген;
      Глубокое аудандық мәслихатының «Біржолғы талондардың бағасы туралы» 2006 жылғы 8 ақпандағы № 20/13-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 шілдедегі № 29/5-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-70 болып тіркелген;
      Глубокое аудандық мәслихатының «Біржолғы талондардың бағасы туралы» 2006 жылғы 8 ақпандағы № 20/13-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 тамыздағы № 9/2-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-91 болып тіркелген;
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                 А. Палагин

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хашысы             А. Брагинец

                                                                   Глубокое аудандық  мәслихатының
                    25 желтоқсандағы  2008 жылғы 
№ 11/9-ІV шешіміне 1 қосымша 

Глубокое ауданының базарларында тауарларды сатуға
құқық беретін біржолғы талондардың бағасы

р/н

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Талонның бір күнгі теңгедегі бағасы

1

Сату ( жабық ғимаратта іске асырылатын қызметтерден басқасы)


1.1

Азық-түлік тауарлары

175

1.2

Өнеркәсіп тауарлары

165

Глубокое аудандық  мәслихатының
25 желтоқсандағы 2008 жылғы  
№ 11/9-ІV шешіміне 2 қосымша 

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгеріс енгізілді – Глубокое аудандық мәслихатының 2009.04.22 N 15/3-IV шешімімен.

Глубокое ауданы бойынша эпизодтық сипаттағы
кәсіпкерлік қызметтердің жеке түрлері
бойынша біржолғы талондардың бағасы

№ р/н

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Талонның бір күнгі теңгедегі бағасы

1

Сату ( жабық ғимаратта іске асырылатын қызметтерден басқасы)


1.1

Газеттер мен журналдар

80

1.2

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (отырғызу көшеттері, көшеттер)

100

1.3

Бақша дақылдары

240

1.4

Саяжайда және үйдің жанында өсірілген тірі гүлдер

60

1.5

Қосалқы ауыл шаруашылығының өнімдері

478

1.6

Бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

30

1.7

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

35

1.8

Сыпыртқылар, сыпырғылар

37

1.9

Орман жидектері

40

1.10

Бал

125

1.11

Саңырауқұлақтар

100

1.12

Балықтар

478

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

451

3

(алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.04.22 N 15/3-IV шешімімен)

4

Үй жануарлары мен құстарды жаю

35

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады