Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.12.28 N 345 хатымен.
«Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іс-әрекетке енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының «2009 жылға арналған біржолғы талондардың бағасын бекіту туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/-9-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-96 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпандағы № 6 «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 қосымшада:
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша жекеменшік жеңіл автомобиль көлік иелерінің қызметі (лицензияланған тасымалдаудан басқа)» 3 жолы алынып тасталсын.
2. Осы шешім қолданысқа ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы С. Соколов
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Брагинец