Зайсан ауданы бойынша азаматтардың кейбір санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 маусымда N 5-11-79 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 776 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009.07.09 N 776 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-2 шешіміне, «Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 5-1 шешіміне, «Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық  мәслихаттың 2008 жылғы 22 сәуір № 6-6/5 шешіміне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері
қарсаңына:
      1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
      2) төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек тағайындалсын.
      2. Зайсан ауданы бойынша 8- наурыз әйелдер күні мен 1-маусым
балаларды қорғау күндері қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа»
белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі
«Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек көрсету нұсқаулығы 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Ауданның аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж
азаматтарына материалдық көмек бөлу және төлеу нұсқаулығы 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Аз қамтылған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға
материалдық көмек беру жөнінде комиссия құрамы 3 - қосымшаға сәйкес
бекітілсін.
      5. Аз қамтылған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға бөлінген қаржыны комиссияның шешімінің негізінде тиісті азаматтарға аударып беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
      6. Материалдық көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
      8. «Аз қамтылған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 тамыздағы № 1586 (нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-11-17 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 10 қазанда аудандық «Достық» газетінің № 42 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                        Ә. МҰХТАРХАНОВ

Зайсан ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
№ 316 қаулысына 1 қосымша

Зайсан ауданы бойынша 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ
дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы
аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек
көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ

      1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру
мақсатында жасалған және «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер» - 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша аудан аумағындағы азаматтардың кейбір санаттарына 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Материалдық көмек алу құқығына аудан көлемінде тұратын
төмендегі адамдар ие болады:
      1) 8-наурыз әйелдер күні қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      2) 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына 4 және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар.
      3. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері
қарсаңына көрсетілетін материалдық көмек көрсетуде аудандық бюджет
бағдарламасының әкімгері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі болып табылады.
      Материалдық көмекті қаржыландыру мен қаражатты шығындау «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер» - 007-ші бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      4. Көп балалы аналарға материалдық көмек:
      - «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп баласы бар аналарға;
      - 4 және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар аналарға ұсынылады.
      5. Көп балалы аналар материалдық көмек алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аталған қаржыны өз есепшоттарына аударып беру туралы өтініш түсіреді. Өтінішпен бірге
тапсырылатын құжаттар:
      - жоғарыда аталған санатқа жататындығын дәлелдейтін құжаттар
      - салық төлеушінің тіркеу нөмірі
      - жеке бас куәлігі
      - тұратын мекен-жайын анықтайтын құжаттар (азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама).
      6. Материалдық көмек төлеу аудандық зейнетақы төлеу орталығының
мәлімет базасымен салыстырып тексерген соң жүргізіледі.
      7. Материалдық қаржылай көмек көрсету аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Казпочта» ашық акционерлік
қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      8. Материалдық көмек көрсету:
      - 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күніне төленеді.
      9. Материалдық көмекке бөлінетін жергілікті бюджет қаржысының
мақсатты бөлінуін іске асыру жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

      Зайсан аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                        Б. Қинашев

Зайсан ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы 
№ 316 қаулысына 2 қосымша

Зайсан ауданының аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға материалдық көмек бөлу және төлеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ

      1. Бір жолғы материалдық көмек әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, шүғыл әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететіндерге беріледі.
      2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға жылына бір реттен артық көрсетілмейді.
      3. Материалдық көмек көрсету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен осы мақсатқа азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемді бөлу жөніндегі комиссия хаттамасы бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
      4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Зайсан ауданының тұрғылықты азаматтары алуға құқылы.
      5. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.
      6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр
материалдық жағдайына және аурудың асқынған түрлеріне және басқа да
тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға беріледі.
      7. Бір жолғы материалдық көмек төмендегі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
      1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;
      2) жеке бас куәлігі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтың материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын басқа да құжаттар (қайғылы, төтенше жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы дәрігерлік анықтама, басқа да құжаттар);
      5) әлеуметтік карта (тұрғылықты жер бойынша учаскелік комиссия адамның, (отбасының) материалдық жағдайын тексеріп, қорытынды жасап комиссияға ұсыну үшін әлеуметтік карта толтырылады);
      8. Комиссия материалдық көмек көрсету және одан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
      9. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек
сұраған азаматтардың жеке есепшотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
      10. Зайсан ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
      11. Зайсан ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды қаржы бөлімі жүзеге асырады.

      Зайсан аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                        Б. Қинашев

Зайсан ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
№ 316 қаулысына 3 қосымша

Аудан азаматтарының кейбір санаттарына бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі комиссия құрамы

Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы          - аудан әкімінің орынбасары,
                                         комиссия төрағасы,

Қинашев Болат Қинашұлы                 - аудандық жұмыспен қамту және
                                         әлеуметтік бағдарламалар
                                         бөлімінің бастығы, комиссия
                                         төрағасының орынбасары,

Буханова Сания Адылханқызы             - аудандық жұмыспен қамту және
                                         әлеуметтік бағдарламалар
                                         бөлімінің бас маманы,
                                         комиссия хатшысы,

Комиссия мүшелері:

Түстікбаев Бақыт Түстікбайұлы           - Зайсан қала әкімі,

Завалко Валентина Владимировна          - аудандық қаржы бөлімінің
                                          бастығы,

Абдығалиева Сания Серікбайқызы          - аудандық білім бөлімінің
                                          бастығы,

Исаева Сауле Тоқтарқожақызы             - аудан әкімі аппаратының
                                          кеңсе бөлімінің жетекші
                                          маманы,

Бортықаева Сауле Қабденқызы             - Зайсан қала әкімінің
                                          мүмкіндіктері шектеулі
                                          балалармен жүмыс бөлімінің
                                          кеңесшісі.

      Зайсан аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      болімінің бастығы                                Б. Қинашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады