Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі N 412 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 01 тамызда N 5-11-81 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 832 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009.08.28 № 832 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдары арасынан жоспарлы серологиялық тексеріс барысында бруцеллез ауруына оң таңба беруіне байланысты аудандық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 146 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағынының 9) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының  18) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы жоспарлы серологиялық тексеріс қорытындысы бойынша Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 33 бас, Сартерек ауылдық округіне қарасты Сартерек ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 46 бас бруцеллез ауыруына оң таңба беруі негізінде (сараптау актілері № 1012-1/07-2008 ж, № 1067-07/07-2008 ж) Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылында, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылында қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аурудың алдын алу және ошағын жою үшін Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар ұйымдастырылсын.
      3. Аудандық ауыл шаруашылық беліміне (М. Уәли) «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 278 тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру жүктелсін.
      4. Аудандық ауыл шаруашылык бөліміне (М. Уәли) «Ветеринария туралы» Заңының 32-бабының 1-тармағында көрсетілген 2008 жылғы төлдерді бірдейлендіру жұмыстары Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылында және Дайыр ауылдық округінің Көкжыра ауылында жедел ұйымдастырылсын.
      5. Дайыр, Сартерек ауылдық округтерінің әкімдері (С. Молдашев, Г. Сержбаева) «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының орындалуын ұйымдастырсын.
      6. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне, Дайыр, Сартерек ауылдық округі әкімдеріне, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясына (Т. Молдаханов келісім бойынша), індет ошағындағы мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп бруцеллез ауыруына қарсы ұйымдастыру шараларын ветеринариялық, санитарлық-эпидемиологиялық және арнайы шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Дайыр, Сартерек ауылдық округтерінің әкімдеріне індетке шалдыққан малдарды жоюға арналған орындарды дайындау міндеттелсін.
      8. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Зайсан ауданы бойынша бөлімнің бастығына (А. Қомшабаева келісім бойынша), індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      9. Шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа қой-ешкі малдары мен кой-ешкі малдары өнімдерін, шикізаттарын аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз шығаруға, алып келуге тиым салынсын, аталған шараларды атқаруға тиісті көмек көрсету аудандық ішкі істер бөліміне (Н. Тугелов келісім бойынша) ұсынылсын, ауылдық округі әкімдеріне тапсырылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша
      атқарушы, аудан әкімінің орынбасары            О. Ақтекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады