Тұрғын үй көмегін, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2008 жылғы 13 мамырдағы N 8/3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 мамырда N 5-12-63 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009 жылғы 06 мамырдағы № 02-05/135 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009.05.06 № 02-05/135 хатымен.

       РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 6 бабына, «Түрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Зырян ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрғын үй көмегін, түрғын үйді үстау, коммуналдық қызметтерді түтыну және байланыс қызметтерін көрсету үсынылған Ережелерді бекіту.
      2. «Табысы аз азаматтарға түрғын үйді үстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін төлеуге түрғын үй көмегін беру Ережесін беткіту туралы» (2007 жылғы 06 тамыздағы тіркеу нөмірі 5-12-49) 2007 жылғы 19 шілдедегі № 47/3-III, 2007 жылғы 19 қазандағы № 2/9-1V «2007 жылғы 13 шілдедегі № 47/3-III «Табысы аз азаматтарға түрғын үйді үстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін төлеуге түрғын үй көмегін беру Ережесін беткіту туралы» (2007 жылғы 28 тамыздағы тіркеу нөмірі 5-12-55) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                           Г.ДЕНИСОВА

Зырян ауданы мәслихатының
шешімімен бекітілді   

Үйді үстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс
қызметтерін түтынуға ақы төлеу үшін түрғын
үй көмегін үсынудың үлгілік ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңының 75, 97 баптарына, «Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің артуын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес отбасыларына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне косылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (бұдан әрі тұрғын үй көмегі).
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында түратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет ұсынылады.
      3. Түрғын үй көмегі осы аумақта түрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
      4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне косылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11% мөлшерінде белгіленеді.
      6. Тұрғын үй көмегін есептеу үйді ұстауға, мөлшерлерін, коммуналдық қызметтерді (сумен, газбен, әлектрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару және лифтердің қызмет көрсетуі) және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ қызмет берушілер ұсынған тарифтердің негізінде жүргізіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтерінің және байланыс қызметтерінің және олардың өзгертілген тарифтерін «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ тоқсан сайын ұсынады.

2. Түрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу қүқығынан айырылады.
      9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Зырян ауданы-Зырян қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға қүқығы жоқ, оның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетін, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетін тұлғалар, 80 жастан асқан және 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар, 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да коп балаларды тәрбиелеумен айналысатын; озін-өзі жұмыспен қамтитын (өз бетімен жұмыспен айналысушылар) тұлғалар; мүгедектік тобы жоқ туберкулезді, нашақорлы, онко ауруларымен сырқаттанатындардың есебінде тұратын азаматтар; 8 жұмадан кем болмайтын жүктілігі бар әйелдер кірмейді. Жедел қызметтегі әскери қызметшілер отбасы құрамына кірмейді.
      10. Отбасының жүмыссыз мүшелері үсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан, қоғамдық жұмысқа қатысуды өз еркімен тоқтатқан, оқыту мен қайта оқытуға өз еркімен қатыспаған отбасылар тұрғын үй көмегін алу қүқығынан алты айға айырылады.
      11. Алғаш тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген және өтініш беру сәтіне коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтерін төлеу бойынша берешегі бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке алынған сәттен бастап өткен тоқсанды және келесі төлемдерді төлеу талаптарымен тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бүрыңғы қарызды өтеу коммуналдық және байланыс қызметтерін жабдықтаушылармен келісіледі және бақылауға алынады.
      12. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта аттестациялау уәкілетті органның кестесі бойынша тоқсан сайын жүргізіледі. Бұл орайда отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі. Алдыңғы тоқсанның коммуналдық қызмет ақысы төленбеген болса немесе жартылай төленген болса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар алдындағы тоқсандағы немесе ақырғы тоқсанның нақты шығындары бойынша қызметтерді пайдалану қызмет берушілердің тарифтерінен арттырылмай, есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, толық көлемде көрсетілгенде анықталады.
      14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге түратын зейнеткер мен мүгедекті және мүгедекті, жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен және мүгедектер отбасыларының, сондай-ақ құрамында мүгедектер, мүгедек балалар, қамқорлыққа алынған, жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке түзетіледі (азайтылады).
      15. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде адамға 15 шаршы метрден аспайтын, бір бөлмелі пәтерден аспайтын (30 шаршы метр) және тұрғын үйдің нақты аумағынан аспайтын аудан нормалары есепке алынады.
      16. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде нақты көрсеткіштерден аспайтын, әлектрқуаты 200 квт, газ- отбасына 4 кг пайдалану нормалары есепке алынады.
      17. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Қызмет көрсетушілердің тарифтері мен тұрғын үй көлемінің нормаларына сәйкес әлектр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың төлеміне әквивалентті деп есептеу. Газ жоқ тұрғын үй көмегін алушыларға әлектр қуатының төлемі қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес газ төлеміне әквивалентті деп есептеу.
      18. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1. үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2. үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бүл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3. үміткердің үйіне, ата-аналары басқа мекен-жайда тұратын, 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4. үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауға үміткер немесе оны алушы отбасылар ресімдеу үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін қосып өтініш үсынады:
      паспорт немесе жеке басының куәлігі (келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін жылына бір рет қосымша беріледі, тоқсан сайын ұсынылады);
      тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін) немесе жалға беру (жалдау) шарты;
      азаматтарды тіркеу кітабы, отбасы құрамы туралы анықтама немесе тұргындарды тіркейтін кітапты (үй кітапшасын) (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін);
      еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      ерлі-зайыптылар туралы мәліметтер;
      отбасы табыстары және басқа да мәлімделген табыстар туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      барлық коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу туралы түбіртектер (өткен тоқсанға);
      жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама: жұмыс істемейтіндер үшін (тоқсан сайын);
      стационарлық емес газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондар алғандары туралы анықтамалар (өткен тоқсанға);
      жеке қосымша шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе басқа өзгерістер болғанда).
      19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған отбасының кірісі мен коммуналдық төлемдері енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар тұргын үй көмегін тағайындау үшін уәкілетті органға тоқсан сайынғы қайта аттестациялау кезінде құжаттардың түпнұсқаларын тексеруге ұсынады.
      21. Тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну үшін уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады.
      22. Электрмен, газбен қамтамасыз ету, пайдалану шығындары және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның газға берілген түбіртектері, анықтамалары бойынша, тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шыгару, лифттердің қызмет корсету бойынша шыгындар «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ ұсынған тарифтер бойынша коммуналдық қызмет ақысы толық төленгенде және есептеу құралдары болған жагдайда ақы төлеу дерегі бойынша және қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызметке қайта есеп айырысқанда алынады.
      23. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, белгілі себептерге байланысты кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      24. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын кесте бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды ресімдеу уақытына қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсан ағымында қайта аттестациядан отпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      25. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрғын үйді үстауға (күрделі жөндеуді есепке алғанда) жыл уақытына тәуелсіз ақы төлеу бойынша есепке алынады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы мәслихатының 2008.07.10. N 9/5-IV шешімімен.
      26. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      27. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің нақты тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Жеке және заңды тұлғалар дұрыс ақпарат беруге міндетті. Талап еткен құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген және соның салдарынан жоғары және заңсыз тұрғын үй көмегі тағайындалған үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      28. Тұргын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П=Т-(t х Д)
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
      Т - қызмет берушілер ұсынған тарифтер, соның ішінде күрделі жөндеу
      t - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеудің шекті үлесі -11%
      Д - отбасының жиынтық табысы.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасының) жиынтық табысын есептеу

      29. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасының) жиынтық табыстарының есептеу отбасының табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      30. Отбасының жиынтық табысын есептегенде мыналардан басқа табыстардың барлық түрлері есепке алынады:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      18 жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
      тұрғын үй көмегі;
      жерлеуге арналған біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      есептеу кезінде анықталған өмір сүрудің ең төменгі мөлшерінен төмен жалпы сомада ақшалай және натуралды түрдегі (баға есебімен) қайырымдылық көмек;
      жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылығының дамыуна материалдық көмек;
      төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығына және мүлігіне келтірілген зардапты өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      осы отбасында тұрмайтын тұлғаларға отбасы мүшелерінің біреуімен төленетін алиментер;
      қамқоршыларының кірістері (қамқоршылардың балаларына жәрдемақы тағайындалған кезде);
      азаматтардың тегін немесе жеңілдік протездеуге бару жолын төлеу;
      протездеу кезіне азаматтарды үстау;
      елді мекеннің шігінде азаматтардың тегін немесе жеңілдік емделуінің бағасы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи комек түрлері: емдеу препараттары, санаторлық-курорттық емделу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау мен жөндеу); қозғалыс құралдары (бесік-арбалар) және мүгедектерге бөлінген басқа оңалту құралдары; білім беру заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақтану және көмек;
      оралмандарға халықтың коші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық актілермен қарастырылған құралдар: тұрақты жеріне бару және мүлікті апару (соның ішінде мал) бойынша шығындарды отеу; келген жері бойынша тұрғын үйді сатып алу және біржолғы жәрдемақыны төлеу.
      31. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      32. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұргындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғанда жеке қосалқы шаруашылығының табысы (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, егер де үлкен мал басы екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      33. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      34. Құжаттамалары расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1. жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген болса (анықтама үсынылғанда);
      2. бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3. туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болса (анықтама ұсынылғанда);
      4. Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұргылықты жерлерге тұруга кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      35. Әділет органдарының тұргылықты тұратын жері бойынша тіркелген адамдарды ағымдағы заңдарға сәйкес отбасы құрамында деп есептеу қажет. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      36. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және үш айга көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда  жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      37. Отбасының орта жандық табыстары бір айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және үш айга болу жолымен есептеледі.
      38. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты болады

5. Жергілікті жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін ұсынудың тәртібі

      39. Жергілікті жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушыларға тұрғын үйді жалдауға келісім-шарты болғанда беріледі.
      40. Жергілікті жылытылатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      41. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) тоқсанның соңғы айының жағдайы бойынша Зырян ауданының «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ ұсынған қала-аудан шегіндегі отынның нақты бағасы есепке алынады.
      42. Жергілікті жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа отын түрлерінің шығын нормасы мен құны, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына әквивалентті деп есептеу керек.
      43. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанның үш айы бір мезетке алынады.
      44. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындагы тоқсанга есептеу керек.
      45. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұргын үй көмегі әр үй иесіне (жанүяга) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырган ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
      46. Электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару бойынша өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша орта шығындары есепке алынады.
      47. Тұргын үй көмегін есептегенде отбасы жыл бойы тұргын үй көмегін алғаннан бастап, көмір алған уақытқа қарамастан, алған көмірдің мөлшері және құны көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынылады. Егер өтініш беруші көмір немесе отынның басқа түрін жеке тұлғалардан сатып алған болса (түбіртек ұсынылмайтын болған жағдайда), селолық- кенттік округтің учаскелік комиссиясы жасаған актіні қосымша беруі қажет.

5. Ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК
күрделі жөндеуіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі

      48. Тұрғын үй көмегін алу құқығы бар отбасылар және тұлғалар ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК күрделі жөндеуіне жұмсалған шығындарды өтеуге құқылы.
      49. Шығындарды өтеу барлық алынып жатқан ауданға анықталған әлеуметтік нормаларға қарамастан өтініш берген сәттен бастап жұмыстар аяқталысымен жылына бір рет ақшалай төлем түрінде жүргізіледі.
      Бұл жерде тұрғын үй көмегін алушыларға төлем құрылым және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органда сараптамадан өткен сметаға сәйкес күрделі жөндеуді жасау үшін қарастырылған ортақ шығындар сомасының үлес шеңберінде жүргізіледі.
      Отбасы шығындары алдағы тоқсан бойынша күрделі жөндеу есебімен
берліген периодқа кірісі көтерілген себепте, күрделі жөндеу өтемі 100% мөлшерінде жасалсын.
      Ескерту. 49-тармақ абзацпен толықтырылды - Зырян ауданы мәслихатының 2008.07.10. N 9/5-IV шешімімен.
      50. Ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК күрделі жөндеудің кейбір түрлерін өткізу кезектілігі (іргетас, сыртқы қабырғалар және көтерме конструкциялар; жабынды; басқыштар (аулашықтар, марштар) және ішкі қабырғалар; инженерлік коммуникациялар және жабдықтар; басқалар (кірме есіктер, фрамугалар және т.б.) «Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол серік көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ орындауға қажетті жұмыстардың тізілімі мен кестесі көрсетілген үйғарымына (тексеру актісіне) сәйкес анықталады.
      51. Ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК күрделі жөндеуіне құқылы отбасылар мен тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
      - шарт-өтініш;
      - тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжат (жекешелендіру келісім-шарты, сыйға тарту келісім-шарты, сатып-алу-сату келісім -шарты және т.б.);
      - азаматтарды тіркеу кітабы;
      - отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер;
      - күрделі жөндеуге нысаналы алымдардың мөлшерін анықтайтын пәтер меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді (кешірме);
      - ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК күрделі жөндеуді өткізуге нысаналы алымдарды төлеу туралы түбіртек;
      - жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның шотына күрделі жөндеу үшін алынған соманы аудару туралы тұрғын үй меншік иелерінен өтінішті қосымша бере отырып, тұрғын үй меншік иелерінің, тұрғын үй меншік иелерінің кооперативінің және жөндеу жұмыстарын жүргізетін үйымдардың арасында жасалған ортақ мүлікті, кондоминиум объектілерін және ЖИК күрделі жөндеуді өткізуге келісім-шарт (көшірмесі)
      - кондоминиум ортақ мүлігін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі
      - атқарушының шотына тұрғын үй жәрдемақысын аудуру туралы міндеттеме.
      52. Күрделі жөндеу шығындарын өтеу есептелген сомаларды алушылардың жинақтау жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейлі банк бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

6. Түрғын үй көмегін қаржыландыруы және төлеу

      53. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде анықталады және қала - ауданның қаражаттарының есебінен көрсетіледі.
      54. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға қала мен аудан бюджетінен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты "Зырян ауданы-Зырян қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және Зырян аудандық филиалының "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады