"Тұрғын үй көмегін, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 13 мамырдағы № 8/3-IV шешімге толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2008 жылғы 10 шілдедегі N 9/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 шілдеде N 5-12-66 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009 жылғы 06 мамырдағы № 02-05/135 хатымен

      Сноска. Күші жойылды - Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2009.05.06 № 02-05/135 хатымен.

       «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Зырян ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрғын үй көмегін, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 13 мамырдағы № 8/3-IV (2008 жылы 20 маусымда 5-12-63 тіркеу нөмірімен тіркелген, «День за Днем» газетінде жарияланған) шешіміне келесідегідей толықтырулар енгізу:
      1) 25 бап «(күрделі жөндеуді қоса)» сөздерден кейін «жыл уақытына тәуелсіз» сөздерімен толықтыру;
      2) 49 бап «Тұрғын үй көмегін, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық
қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін көрсету Ережелері» абзацын келесі мазмұнмен толықтыру.
      «Отбасы шығындары алдағы тоқсан бойынша күрделі жөндеу есебімен
берліген периодқа кірісі көтерілген себепте, күрделі жөндеу өтемі 100% мөлшерінде жасалсын».
      2. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн
өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 маусымынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы                       О. ВОРОНИН
 
      Зырян ауданының мәслихат хатшысы      Г. ДЕНИСОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады