Оқу орнын аяқтағаннан кейін Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 09 қыркүйектегі N 541 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қыркүйекте N 5-12-69 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2009.05.20 № 37 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Оқу орнын аяқтағаннан кейін Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) материалдық көмек корсету үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Шығыс-Қазақстан облыстык әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 522 қаулысын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша берілген оқу орнын аяқтағаннан кейін Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) материалдық көмек көрсету туралы Нұсқауы бекітілсін.
      2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Р.З.Оспанова) Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген өздерін табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққандығын растаған жас мамандарға (мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) көмек жүзеге асырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Әкімнің орынбасары Э.Я.Гейгерге жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 тамызынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Зырян ауданының әкімі               А.РАКУЛЬЦЕВ

Зырян ауданы әкімдігінің 
2008 жылғы 09 қыркүйектегі N 541
қаулысына қосымша     

Оқу орнын аяқтағаннан кейін Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (муғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) материалдық көмек көрсету
нұсқауы

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы ереже барлық деңгейдегі кәсіптік оку орындарын аяқтағаннан кейін Эырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне) материалдық көмек көрсету тәртібін анықтайды.

2. Материалдық көмек тағайындаудың тәртібі және мөлшерлері

      2.1. Жас мамандарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі.
      2.2. 120000 (жүз жиырма мың) теңге көлеміндегі материалдық көмек, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен 3 жылға келісім-шарт жасасқан Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген табысы аз отбасыларынан (азаматтардан) шыққан жас мамандарға төленеді.
      2.3. Материалдық көмекті ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлейді.
      2.4. Материалдық көмекті төлеу туралы шешімді ауданның әкімдігінде құрылған комиссия шығарады.
      2.5. Комиссия құрамына міндетті түрде жұмыс берушінің өкілі кіруі қажет.
      2.6. Оңды шешім қабылданған соң атқарушы орган, жұмыс беруші және жас маманнның арасында материалдық көмек төлеуге үш жақты келісім-шарт жасалады.
      2.7. Комиссияның хаттамасы төлемді жүргізу үшін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберіледі.
      2.8. Жұмыс берушілер келісім-шартты уақытынан бұрын бұзу және жас маманның жұмыстан шығуы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бес күндік мерзімде хабарлау қажет.

3. Материалдық көмекті тағайындау үшін жергілікті атқарушы
орган және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбегі

      3.1. Материалдық көмек алуға үміткер тұлға жергілікті атқарушы
органдарға келесі құжаттарды ұсынады:
      - материалдық көмекті алуға өтініш;
      - жеке еңбек шарты;
      - егер отбасымен тұратын болса, орта жанды кіріс туралы анықтама.
      3.2. Материалдық көмек көрсету туралы шешім алған тұлға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:
      - жеке куәлігінің көшірмесі;
      - СТН көшірмесі;
      - оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның көшірмесі;
      - оқу орынын аяқтағаннан кейін Зырян ауданының елді мекендерінде жұмыс істеуге ниет білдірген жас маманға материалдық көмек көрсету туралы үш жақты келісім-шарттың көшірмесі;
      - материалдық көмекті төлеу туралы комиссия хаттамасының көшірмесі;
      - жеке шотының нөмірі.

4. Қаржыландырудың тәртібі мен көздері

      4.1. Жас мамандарға материалдық көмек жасасқан үш жақты келісім-шартқа сәйкес олардың жеке шотына аудару жолымен төленеді.
      4.2. Материалдық көмек алуға үміткер тұлғаларды қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражат құралдарынан жүргізіледі.

      «Зырян ауданының жұмыспен қамту, және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      MM бастығы                                 Р.Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады