Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2011.02.23 N 02-15/30 хаты).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс берушілерге мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Катонқарағай ауданы бойынша 2008-2010 жылдарға мүгедектер үшін жұмыс орнына квоталар енгізілген шаруашылық субъектілерінің тізімі бекітілсін (№ 1 қосымша).
3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сәдуовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С.Зайнулдин
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
"05" сәуір 2008 жылғы
№ 3313 қаулысына № 1 қосымша
Катонқарағай ауданы бойынша 2008-2010 жылдарға
мүгедектер үшін жұмыс орнына квоталар енгізілген
шаруашылық субъектілерінің ТІЗІМІ
Реттік саны |
Шаруашылық субъектілерінің атауы |
Жұмыс орнының жалпы саны |
Квоталанған жұмыс орындарының саны (3 %) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
"№ 22 Кәсіптік мектебі" ММ-сі |
72 |
2 |
3. |
"Катонқарағай аудандық № 1 ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналы кәсіпорыны |
160 |
5 |
4. |
Большенарым ауылындағы "Ленин атындағы орта мектебі" ММ-сі |
77 |
2 |
5. |
"Большенарым ауылдық лицей" ММ-сі |
48 |
1 |
Барлығы |
357 |
10 |
Аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Тоқсанова