Ескерту. Қолдану мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.06.29 № 1691 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасының, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралу» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13, 14 тармақшалары негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін аудандағы жұмыс берушілерге олардағы жұмыс орнының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа қабылдау квотасы бекітілсін.
2. Күршім ауданы әкімдігінің «Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін квота белгілеу туралы» 2007 жылғы 23 шілдедегі № 167 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланғаннан күннен қолданысқа енеді.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов