Күршім ауданында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруден өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 766 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 тамызда N 5-14-71 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 2120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011.06.20 N 2120 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 32 бабының 1 тармағына, 2005 жылдың 8 шілдесіндегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 4 тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылдың 5 сәуіріндегі № 218 «Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру туралы» (2006 жылғы 18 сәуірдегі № 4193 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2006 жылы 12 мамырда № 84-85 (891) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру үшін Шығыс Қазақстан облысының коды 05, Күршім ауданының коды 10 екендігі назарға алынсын.
      2. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру үшін ауылдық
округтердің кодтары бекітілсін (1 қосымша).
      3. Ауылдық округтер әкімдеріне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясымен (Н. Екібасов, келісімі бойынша), жылына екі рет (шілде және қаңтар айларында) ауыл шаруашылық малдарын түгендеуді жүргізіп, оның нәтижелерінің міндетті түрде шаруашылық кітабына жазылуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
      4. Аудан бойынша жыл сайын бірдейлендіру жұмысын жүргізу үшін жасалған кешенді іс жоспары бекітілсін (2 қосымша).
      5. Бірдейлендіру жүмысын әр жылдың 1 наурызында және 1 қыркүйегінде аяқтау белгіленсін.
      6. Күршім ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы «Күршім ауданында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруден өткізу туралы» № 658 а, (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылы 6 қаңтарда № 1543 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2004 жылғы 21 ақпандағы 8 нөмірінде жарияланған.) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы «Күршім ауданында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруден өткізу туралы» № 1784 қаулысы жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                  А. Сеитов

Аудандық әкімдіктің  
2008 жылғы 18 шілдедегі
№ 766 қаулысына 1 қосымша

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру үшін округтердің кодтары

Ауылдық округ атауы

Облыстың коды

Ауданның коды

Ауылдық округтердің коды

1

Күршім

05

10

08

2

Сарыөлең

05

10

07

3

Қалғұты

05

10

06

4

Маралды

05

10

04

5

Абай

05

10

03

6

Құйған

05

10

02

7

Балықшы

05

10

01

8

Теректі

05

10

10

9

Боран

05

10

11

10

Қалжыр

05

10

05

11

Ақбұлақ

05

10

09

12

Төсқайың


05

10

12

      Аппарат басшысы                        Қ. Бахтияров

Аудандық әкімдіктің  
2008 жылғы 18 шілдедегі
№ 766 қаулысына 2 қосымша

Аудан бойынша жыл сайын бірдейлендіру жұмысын жүргізу үшін жасалған кешенді іс жоспары

Іс-шаралар

Орындалу уақыты

Орындалуға жауапты

1

Елді мекендерге ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізу

Жыл сайын, мамыр-маусым, қараша-желтоқсан айларында.

Ауылдық округ әкімі, аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

2

Ауылдық округтер бойынша алынған төлдердің санын анықтау.

Жыл сайын 1 шілдеге және 1 қаңтарға дейін.

Ауылдық округ әкімі, аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

3

Малға керекті сырғалар, тескіштер, жеке куәліктердің қажеттілігі туралы сұраныс беру.

10 тамыз 2008 жыл

Ауылдық округ әкімі, аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

4

Бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Жыл сайын шілде-тамыз, қаңтар-ақпан айлары

Ауылдық округ әкімдері

5

Ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылық малдарын сырғалау, таңбалау, тавролау жұмыстарын жүргізу.

Жыл сайын шілде-тамыз, қаңтар-ақпан айлары

аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

6

Қажетті мөлшердегі ветеринарлық паспорттарды және зооветеринарлық керекжарақтарды (пластмассалық сырғалар, таңбалар және басқа көмекші құралдарды) жергілікті ауылдық округтерде сатып алуды ұйымдастыру.

Әр жыл сайын шілде-тамыз, қаңтар-ақпан айлары

Ауылдық округ әкімдері

7

Ветеринарлық паспорттарды пластмассалық сырғалар және басқа көмекші құралдарды ветеринарлық дәріханалардан және басқа сататын орындардан сатып алып, меншік малдарын ірдейлендіруден өткізу.

Әр жылдың шілде-тамыз және қаңтар-ақпан айлары

Мал иелері, (келісімімен)

8

Мал басын бірдейлендіргені туралы, екі дана тізімге мал иелерінің қолдарын қойғызып, әр басқа жеке куәлік беру.

Әр жылдың шілде-тамыз және қаңтар-ақпан айлары

Ауылдық округ әкімі, аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

9

Ауылшаруашылық малдарының бірдейлендіру тізімін мал дәрігерлік мөрмен бекітіп, бір данасын аудандық аумақтық басқармасына жүргізілген есебі ретінде жіберу, екінші данасын ауылдық округте компьютерлік базаға енгізу.

Әр жыл сайын бірдейлендіру жұмысы аяқталысымен.

Ауылдық округ әкімдері, аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

10

Ауылдық округтер бойынша компьютерге кірген мал тізіміне тұрақты есеп жүргізіп қадағалау.

Тұрақты

Ауылдық округ әкімдері

11

Ауылшаруашылығы малдарын сатып, сойып немесе жоғалып кеткен жағдайда мемлекеттік мал дәрігері инспектарларына хабарлауды қамтамасыз ету.

Тұрақты

Мал иелері, (келісімімен)

12

Ауылшаруашылығы малын басқа адамға сатқан немесе берген жағдайда жеке куәлігін алып, мал иесінің өзгергені туралы жазбаша белгі соғу.

Тұрақты

Аудандық аумақтық басқарма, (келісімімен)

      Аппарат басшысы                        Қ. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады