Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті аудандық әкімдігінің 2009.11.16 N 380 қаулысымен.
Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және картасы негізінде Казнаковка ауылдық округі тұрғындарының қой–ешкі малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Көкпекті аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы Казнаковка ауылдық округі қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз елді-мекен ретінде саналып, шектеу қойылсын.
2. Казнаковка ауылдық округін қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы 2008 жылға арналған кешенді іс-шаралары жоспары бекітілсін (қосымша).
3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы бастығына (Слямбек Насырбайұлы Мұқашев) (келісімі бойынша), Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бөлімінің бастығына (Мендігүл Қабдылқызы Садуақасова) (келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы (Құмар Нұрсапаұлы Орсаев) шектеулік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Шалқар Маратұлы Құнанбаев) (келісім бойынша) Казнаковка ауылдық округі аумағынан ауру қой-ешкі малдарының әкетілімін қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Казнаковка ауылдық округінің әкімі (Сандуғаш Мухамадиқызы Игликоваға), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы бастығына (Слямбек Насырбайұлы Мұқашев) (келісімі бойынша) атқарылған шаралардың орындалуы туралы ақпаратты апта сайын беріп отыру міндеттелсін.
6. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Атымтай Жылқыбайұлы Әбеновке жүктелсін.
Көкпекті ауданының әкімі Б. Қожамбетов
Көкпекті ауданының әкімияты
2008 жылғы 6 тамыздағы
№ 11875 қаулысына қосымша
Казнаковка ауылдық округін қой-ешкі малдарының бруцеллез
ауруынан тазарту мақсатындағы 2008 жылға арналған кешенді
іс-шаралары жоспары
р/с | Атқарылатын іс шаралар | Орындалу мерзімі | Орындаушы |
---|---|---|---|
Аурудан сақтандыру шаралары |
|||
1 |
Шектеу қойылған уақытта Казнаковка ауылдық округі бруцеллез індетінің эпизоотиялық ошағын анықтап, қоздырғышын жою, залалсыздандыру шараларын іске асыру, ауру қоздырғышын тасымалдау жолын қыю |
Тазарғанға дейін |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары |
2 |
Ауруға күдікті қолайсыз аймақтардың шекарасын анықтау |
Ауру шыққан уақытта |
Казнаковка селолық округінің әкімі, ветеринарлық инспекторы |
3 |
Тірідей барлық мал түліктерін осы аумақтан және осы аумаққа тасымалдауға тыйым салу (ауру малдарды ет комбинатына тасымалдаудан басқа) |
Тазарғанға дейін |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
4 |
Ауру шыққан аймақтан шөп, сынама басқада дәнді дақылдар дайындап тасымалдауға тыйым салу |
Тазарғанға дейін |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
5 |
Бруцеллезге оң таңба берген малдарды 5 күн ішінде төлдерінен айырып, басқа малдарға қоспай қандайда болмасын бағалығына тұқымына қарамастан жемдеуге, семіртуге қоймастан 5 күн ішінде жою |
Қолма қол |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
6 |
Бруцеллез ауруы шыққан отар табынды аурудан таза табындар мен отарларға қоспай жеке ұстауға нұсқау беру |
Жыл бойы |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
7 |
Дені сау малдарды, бұрын ауру малдар тұрған қора-жайға, аулаға механиуалық тазалық жүргізіп, толық дезинфекциядан өткеннен кейін және дезинсекция, дератизация жасап енгізу |
Үнемі |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
8 |
Ауру шыққан мал отары, табын жайылған шабындық жердің шөбі дайындалса оны 3 ай сақтап барып пайдалану |
Тазарғанға дейін |
Шаруашылық басқарма басшылары |
9 |
Ауру шыққан қолайсыз аймақта төмендегідей тыйым салу: |
Тазарғанға дейін |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
10 |
Ауруға белгі берген малдарды аетеринарлақ-санитарлық ережелерді сақтай отырып мал соятын орын дайындап, союды ұйымдастыру |
Уақытында |
Казнаковка селолық округінің әкімі, ветеринарлық инспекторы |
11 |
Өлген малдардың, іш тастаған өлекселерді қолма қол жойып, мал қорымына апару |
Қолма қол |
Казнаковка селолық округінің әкімі, ветеринарлық инспекторы |
12 |
Ауру малдардың қиын, салынған төсеніштерін залалсыздандырып, жоюды (химиялық, биологиялық жолдармен) ұйымдастыру |
Үнемі |
Казнаковка селолық округінің әкімі, ветеринарлық инспекторы |
13 |
Ауру бойынша қолайсыз аймақтағы барлық қой- ешкі малдарынан екі рет теріс қорытынды алғанша серологиялық тексеруден өткізу |
Тазарғанға дейін |
Казнаковка селолық округінің әкімі, ветеринарлық инспекторы |
14 |
Ауыл тұрғындары арасында бруцеллез ауруының қауіптілігі туралы адам дәрігерлерімен бірлесіп, ақпарат құралдары арқылы түсінік жұмысын жүргізу |
Үнемі |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары |
15 |
15-20 күн аралығында барлық малдардан ауруға теріс таңба бергенше 2-рет қан алдыру, 1-1,5 айда 2-рет қан алып, теріс таңба алып, қорытынды залалсыздандыру жұмысын жүргізіп шектеуді алдыру |
Тазарғанға дейін |
Аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық қадағалау бөлімінің мамандары, селолық округінің ветеринарлық инспекторы |
16 |
Бруцеллез ауруы шыққан қауіпті пункттегі халықты диспансерлік тексеруден өткізу |
Қолма қол |
Көкпекті аудандық МСЭҚ басқармасы, медицина қызметкерлері |
Көкпекті аудандық аумақтық
инспекция бастығы С. Мұқашев