Ескерту. Күші жойылды - 2009.06.05 № 1240 Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының хаты негізінде, қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Аудандық оқу орындарындағы БӘД жай-күйін тексерулер жергілікті жерлердегі атқарушы органдар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, білім беру және денсаулык сақтау орындарының басшылары материалдық базаны қалпына келтіру, оқу орындарының әзірлігі бар және тәжірибелі оқытушы - ұйымдастырушылармен толықтыру жөнінде көптеген шаралар орындады. БӘД бойынша сабақтар бекітілген бағдарлама мен тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізілді.
"Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысын толық орындау, БӘД, әскери патриоттық және дене тәрбиесін, жастардың әскери қызметке моральдық, психологиялық даярлығын ұйымдастыру жұмысын жақсарту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарын жастармен толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және 37 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН.
1. Тарбағатай ауданының оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2008-2009 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін. (№ 1 қосымша).
2. Аудан мектептеріндегі БӘД, әскери патриоттық тәрбиесі мен дене шынықтыру жағдайын үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын. (№ 2 қосымша).
3. Аудандық білім беру орындарында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2007-2008 оқу жылына арналған іс шаралар жоспарын және қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінде БӘД, әскери патриоттық және дене тәрбиесінің жағдайын тексеру кестесін жасау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиевке (келісім бойынша), білім беру бөлімінің бастығы Қ. Бейілғожинге тапсырылсын.
4. Аудандық білім беру бөлімінің бастығы Қ. Бейілғожинге, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиевке:
1) Аудан мектептерінде бастапқы әскери даярлықты штатқа сәйкес БӘД оқытушы-ұйымдастырушылары жүргізсін. Оқытушы-ұйымдастырушы лауазымдарына кәсіби жағынан даярлығы бар, дәстүр бойынша Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет еткен запастағы офицерледі тағайындау;
2) БӘД материалдық базасын қалпына келтіру жөніндегі жұмысты аяқтау;
3) Әрбір оқу орнында әскери патриоттық тақырыпты, Қазақстан Республикасы халқының жауынгерлік дәстүрлерін, әскери қызметтегі ер жүректілік пен романтиканы бейнелейтін көрнекті үгітпен безендіру;
4) БӘД жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысына басшылықты қамтамасыз етіп өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету;
5) Лагерлік жиындарды үйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқу орындарының бастықтарымен өткізілетін үш күндік әдістемелік жиындардың, ай сайынғы бір күндік нұсқаулық - әдістемелік сабақтардың сапасын жақсарту;
6) Төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия төтенше жағдайлар кезінде тіршілік қауіпсіздігі қызметінің негіздерін оқытуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдансын, білім беру органдарын оқу- әдістемелік әдебиетпен, плакаттарымен және көрнекті құралдармен қамтамасыз етуге көмек корсету тапсырылсын.
5. № 1 медициналық бірлестіктің бас дәрігері Д. Итбаевқа (келісім бойынша).
1) Медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
2) Оқу орындарына емдеу мекемелерін бекіту, ұл балаларды лагерлік жиындарды өткен кезенде қыз балаларды медициналық мекемелерде практикадан өткізуде мүмкіндік жасау;
3) Қорғаныс - спорт сауықтыру лагерінде жиындар өтетін кезеңде медициналық көмектер корсету және олардың жұмысын қамтамасыз ету тапсырылсын.
6. Оқу жылы ішінде және лагерлік жиындар өткізу кезінде білім, денсаулық сақтау және мәдениет министірлігінің, Қорғаныс Министрлігі мен төтенше жағдай жөніндегі комитеттің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі 490, 166, 190, бірлескен бұйрығымен бекітілген сабақтар бағдарламасының орындалуына қатаң бақылау жасалсын.
7. Осы шешім әділет басқармасына тіркеліп, ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
8. Аудан әкімінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі 10 шешімінің күші жойылсын.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары С. Жақаевқа тапсырылсын.
Тарбағатай ауданының әкімі А.А. Аубакиров
Тарбағатай ауданының әкімінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15 шешіміне № 1 қосымша
Тарбағатай ауданының оқу орындарында БӘД ұйымдастыру
мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2008-2009 оқу жылына
арналған негізгі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шаралардың атауы |
Орындау мерзімдері |
Жауаптылар |
Орындалған туралы белгілер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Аудандық оқу орындарындағы, БӘД, әскери - патриоттық тәрбие мен дене шынықтыру жағдайын тексеруді жүргізу. |
Кестеге сәйкес |
Аудандық комиссия |
||
2. |
Комиссия жұмысын нәтижелерін әкімшілік алқаларымен аудандық білім беру бөліміне талдау және қарау, олқылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау. |
2008 жылғы желтоқсан, 2009 жылғы мамыр |
Әкімият, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
3. |
БӘД ұйымдастыруды жақсарту мен жүргізу мәселері бойынша мүдделі талаптардың бірлескен кеңесін әзірлеу және өткізу. |
2009 жылғы наурыз |
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
4. |
БӘД және оқу- материалдық базасын құру мәселері бойынша оқу орындарының директорларына көмек көрсетуді және бақылауды жүзеге асыру. |
Оқу жылы бойында |
Аудандық білім беру бөлімі,аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
5. |
ҚССЛ-да лагерлік жиындарды жоспарлау ұйымдастыру және өткізу |
2009 жылғы сәуір- мамыр |
Әкімият, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
6. |
Оқу орындарынында, оқу қосындарында ҚССЛ-да жастардың дене тәрбиесінің жағдайын бақылау. |
Оқу жылы бойында |
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық білім беру бөлімі |
||
7. |
2008-2009 оқу жылындағы БӘД қорытындылау. Өткен оқу жылындағы БӘД жағдайы туралы жоғарғы орындарға қорытынды баяндаманы әзірлеу. |
2009 жылғы маусым |
Төтенше жағдай жөніндегі басқарма, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық денсаулық сактау бөлімі. |
||
8. |
БӘД жүргізудің оң тәжиребесін қорытындылау және жаңарту. |
2009 жылғы маусым |
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
9. |
Оқу орындарының, ҚССЛ-дың оқу-материалдық базасын, БӘД мүлігін тұрақты жетілдіру және жаңарту. |
Оқу жылы бойында |
Әкімият, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
||
10 |
БӘД-тің таңдаулы оқу-материалдық базасына, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене тәрбиесіне байқау конкурс өткізу. |
Оқу жылы бойында |
Аудандық комиссия |
||
11 |
БӘД оқытушы-ұйымдастырушылармен, ҚССЛ қызметкерлерімен 3-күндік оқу әдістемелік жиындар ұйымдастыру және өткізу. |
2008 жылғы қыркүйек |
Төтенше жағдай жөніндегі басқарма, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық денсаулық сактау бөлімі. |
||
12 |
Оқу әдістемелік жұмысты жақсарту және БӘД, медициналық- санитарлық даярлық, әскери- патриоттық тәрбие және дене шынықтыру жөніндегі тақырыптарды үйрену мақсатында БӘД оқытушы-ұйымдастырушылармен ай сайынғы бір күндік әдістемелік сабақтар ұйымдастыру және өткізу. |
Ай сайын, 2-ші сәрсенбісі |
Төтенше жағдай жөніндегі басқарма, аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық денсаулық сақтау бөлімі. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
13. |
Жастардың әскери- патриоттық тәрбиесінің ролін арттыру. Ол үшін сарбаздар әндерінен байқау конкурстарын, әскерге шақырылатындар күнін, әскери қызметшілерімен, ауған соғысы жауынгерлерімен және ардагерлермен кездесулер өткізу. |
Жыл бойында тұрақты |
Оқу орындарының директорлары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
|
14. |
Қорғаныстық- бұқаралық айлық өткізу. |
2009 жылғы 09.04-10.07 |
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
|
15. |
Әскери бөлімдер базасында әскери техниканы, қаруды көрсетумен, әскери қызметшілердің өмірімен және тұрмысымен таныстырумен бірге «әскерге шақырылатындар күнін» өткізу. |
2009 жылғы сәуір- мамыр |
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
|
16 |
Аудандық оқу орындарында, ҚССЛ-да БӘД жүргізуді, жастардың әскери патриоттық тәрбиесін және дене шынықтыруын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау. |
Оқу жылы бойында |
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
Аудан әкімі аппаратының басшысы А. Нұрбеков
Тарбағатай ауданының әкімінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15 шешіміне № 2 қосымша
Аудан мектептерімен оқу орындарында жастардың бастапқы әскери дайындығын, әскери -патриоттық тәрбиесін және дене шынықтыруын үйлестіру жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Жақаев. С.Ә |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Әбділбаев Н.Т |
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
Нұғыманова К.Т. |
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы |
Омарғазин С.Б. |
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы |
Бейілғожин Қ.Т |
аудандық білім беру бөлімінің бастығы |
Итбаев Д.Ж. |
аудандық № 1 медициналық бірлестіктің директоры (келісім бойынша) |
Аудан әкімі аппаратының басшысы А. Нұрбеков
Тарбағатай ауданы әкімінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15 шешіміне № 3 қосымша
Тарбағатай ауданының ауылдарындағы, оқу пунктеріндегі
КССЛ-де жастардың бастапқы әскери дайындығының, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің
жағдайын тексеру
КЕСТЕСІ
р/с |
Оқу орындарының аты |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
қаңтар |
ақпан |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Ақсуат № 2 мектебі |
||||||
2 |
Құйған мектебі |
||||||
3 |
Жетарал мектебі |
|
|||||
4 |
М.Әуезов мектебі |
|
|||||
5 |
Қарасу мектебі |
р/с |
Оқу орындарының аты |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
Кім жүргізеді |
Кім тексереді |
Орындалуы туралы белгі |
1 |
2 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1 |
Ақсуат № 2 мектебі |
||||||
2 |
Құйған мектебі |
||||||
3 |
Жетарал мектебі |
||||||
4 |
М.Әуезов мектебі |
||||||
5 |
Қарасу мектебі |
Аудан әкімінің аппаратының басшысы А. Нұрбеков