Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 535 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 5-16-68 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2009.04.06 № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2009.04.06 № 35 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21-маусымдағы Заңының 23-бабына, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» N 343 Заңы 11 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы, 37 баптың 1, 2тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін( № 1-қосымша).
      2. 2009 жылғы 1 қаңтардан материалдық қамсыздандырудың мөлшері 8911 теңге сомасында белгіленсін(ай сайын).
      3. Ауыл және округ әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ғ.Атыканов) қоса берілген Ережеге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға қамсыздандыру тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Әзімхановқа жүктелсін.
      5. Тарбағатай ауданының Әкімдігінің 06.03.2006 жылғы № 124 қаулысының күші жойылсын.
      6. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткенен соң ресми жариаланғанан кейін 10 күн тізбелік өткен соң күшіне енгізіледі.

Тарбағатай аудан әкімдігінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 535 қаулысымен бекітілген

Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек
балаларға материалдық қамсыздандыруды
тағайындау мен төлеудің
ереже

1. Жалпы ереже

      Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Респуликасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 23-бабын, мүгедек балалары бар ата- аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» N 343 Заңы 11 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Занының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасы, 37 баптың 1, 2 тармақшасына Шығыс Қазақстан Облысының әкімдігінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 93 қаулысымен сәйкес әзірленді.

2. Тағайындау тәртібі

      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органдармен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
      Өтінішке облыстың білім департаментінің жанындағы Ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педогогикалық комиссия беретін мүгедек баланы үйде тәрбилеу және оқытудың қажеттілігі жөніндегі анықтамасы тіркеледі.
      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық- медициналық- педогогикалық комиссияның анықтамасында белгіленген мерзімге тағайындалады.
      Материалдық көмектің тағайындалуының және төлемінің доғарылуына немесе қайта жаңартылуына әкелетін жағдайлар түскенде ( бала өлімі, үй-интернатына жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмектің тағайындлуы және төлемі осы жағдайлар түскеннен кейінгі айдан бастап доғарылады немесе қайта жаңартылады.
      Материалдық көмек алушылар тиісті уәкілетті органдарға көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде хабарлауға міндетті.
      Болған өзгерістер жөнінде хабарламаған жағдайда, артық алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      Тиісті уәкілетті орган,материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептерімен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
      Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
      Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
      Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға беріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін төлеу үшін, ведомость -тізімдердің негізінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне қажеттілік-өтінімін ұсынады.
      Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім өтінімдеріне сәйкес және Агенттік келісімі негізінде, «Казпошта» акционерлік қоғамының Тарбағатай ауданы пошта байланысының ауылдық және аудандық тораптарына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Аудан әкімінің аппарат басшысы А.Нұрбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады