Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және 1993 жылдың 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" ҚР Заңының 3 бөлімінің, 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Жоғарғы Тайынты ауылының халқының пікірін ескере отырып шешемін:
1. Жоғарғы Тайынты ауылындағы "Жағалау" көшесіне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Кенжалин Әбілғазының есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау бас маман Ш.Камалиеваға жүктелсін.
Округ әкімі А.Бакимбаев