Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және 1998 жылдың 08 желтоқсандағы № 2572-XII Қазақстан Республикасының "Әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3 бөлімінің, 14 бабының 4 тармағы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Молодежный кентіндегі орталық аты жоқ көше Ұлан ауданы әкімшілік ғимаратынан бастап Мәдениет үйіне дейін Заки Ахметовтың атымен аталсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуы бас маман Роза Ибраевна Кустубаеваға жүктелсін.
Молодежный кентінің әкімі Д.Мусин