2009 жылы Ұлан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы N 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 желтоқсанда N 5-17-93 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 05/2059 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.07.03 № 05/2059 хатымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толған Ұлан ауданының еркек жынысты азаматтарын Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын айқындау және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери техникалық мамандар бойынша дайындау мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында, ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, ұйымдар мен оқу орындарының бастықтарына:
      1) 2009 жылғы 10 қаңтарға дейін 1992 жылы туған азаматтардың және жаңадан келгендердің тізімін анықтап, Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарлансын;
      2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды уақытында қамтамасыз етсін;
      3) жасөспірімдердің флюрографиялық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына қажетті және шақыру қағазында көрсетілген мерзімде келуі қамтамасыз етілсін;
      4) жасөспірімдерді алып баруға ауылдық округтер мен кенттерден оқу орындарынан өкілдер тағайындалсын (әскери тіркеу үстелінің маман инспекторлары, бастапқы әскери дайындау оқытушылары).
      3. «Ұлан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Тусубжанова) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізуді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Ұлан аудандық ауруханасына (Ж. С. Бухатов, келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және флюрографиялық тексеруден өткізуін қамтамасыз ету, берілген нақты шешімнің кестесіне сай шақырылатындарды стационарлық зерттеу үшін емханаларда қажетті төсек орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Д. Калетаев, келісім бойынша) тіркеуге тұрудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Аудандық білім беру бөлімі (Г. Бояубаева) әскерге шақыру жасына дейінгі және шақыру жасындағы ұлдардың интернационалист-жауынгерлермен, әскери училище курсанттарымен «Отанды қорғау-мамандықтың бір түрі» тақырыбына кездесулерін өткізсін.
      7. 1992 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу бойынша және әскери орындарына, Республикалық әскери мектеп интернаттарын, «Жас Ұлан» ерлер лицейіне, кадет корпусына үміткерлерді сапалы түрде іріктеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссияның дербес құрамы келесі құрамда бекітілсін:
      Бекежан Кайсанович Саниязов    - комиссия төрағасы, қорғаныс
                                       істері жөніндегі бөлім бастығы
                                       (келісім бойынша);
      Назигуль Усеровна Сейсембина   - комиссия төрағасының
                                       орынбасары, аудан әкімінің
                                       орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Мейрамхан Алимханович Чистобаев   - Ішкі істер бөлімі
                                          бастығының орынбасары
                                          (келісім бойынша);
      Татьяна Яковлевна Солодовникова   - дәрігер, медицина
                                          қызметкерлері құрамын
                                          басқарушы, медицина
                                          комиссиясының төрайымы
                                          (келісім бойынша);
      Ания Канапьяновна Оразаева        - комиссия хатшысы (келісім
                                          бойынша).

      8. Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1021 «2009 жылы Ұлан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы» қаулысы бұзылсын.
      9. Ұлан ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 381 «2007 жылы Ұлан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы» қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізіліміне номері 5-17-70 тіркелген, 2008 жылғы 2 ақпандағы № 5 «Ұлан Таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң колданысқа енгізіледі.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданының әкімі               М. Музапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады