Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 22 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 ақпанда N 5-18-56 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 05 мамырдағы N 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2009.05.05  N 297 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 -2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, еңбек нарқында мүгедектерді әлеуметтік қоргау бойынша шараларды белгілеу, сонымен қатар Үржар ауданы территориясында тұрғындарды жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданының жұмыс берушілері мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квотаны жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы
мөлшерінде белгілесін.
      2. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Шоқаевқа жүктелсін.
      3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Үрджар ауданының әкімі                Б.Т.Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады