Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Үржар аудандық әділет басқармасының 2010.01.11 № 152 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелері, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабы негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін ұлғайту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген тұрғындардың әртүрлі топтарына қолдау көрсету үшін Үржар аудандық әкімдігі қаулы етеді:
1. 2009 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар тізбесі, жұмыс түрлері, көлемі, қаржыландыру көзі және қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары, қаржыландыру тәртібі мен шарттары, қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі бекітілсін (№ 1, № 2, № 3қосымшалары).
2. Жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысы 2009 жылға белгіленген ең төменгі еңбек ақыдан кем болмайтын мөлшерде бекітіліп, радиациялық қауіп аймағында тұратындығы үшін қосымшалар қоса төленсін.
3. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыссыздардың кейбір санаттарына (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істеу, сондай ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлерін қолдану ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
5. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Үржар аудандық әкімдігінің
2008 ж 30 желтоқсандағы
№ 425 қаулысына № 1 қосымша
2009 жылғы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар
тізбесі, жұмыс түрлері, көлемі, қаржыландыру көзі және
қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
рет саны |
Жұмыс |
Төлемді қоғамдық жұмыс |
Атқарылатын |
ТҚЖ-қа |
Қаржыландыру |
||
Барлығы |
оның ішінде ауыл |
Бюджеттен |
Жұмыс берушіден |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
"ШҚО Үржар |
Құжаттар толтыру, |
күніне |
5 |
5 |
+ |
- |
2 |
"Үржар |
Территорияны тазалау, |
15000 м2 |
340 |
340 |
+ |
- |
3 |
"Үржар |
Қоғамдық тәртіп |
20-25 |
5 |
5 |
+ |
- |
4 |
Үржар аймағы |
Тазалық, көгалдандыру |
400 м2 |
3 |
3 |
+ |
- |
5 |
Үржар аудандық |
Құжаттармен жұмыс, |
айына |
2 |
2 |
+ |
- |
6 |
Үржар аймақтық |
Құжаттармен жұмыс, |
200- 250 |
2 |
2 |
+ |
- |
7 |
Үржар аудандық |
Құжаттармен жұмыс, |
күніне |
8 |
8 |
+ |
- |
8 |
Үржар ауданы |
Құжаттармен жұмыс |
күніне |
4 |
4 |
+ |
- |
9 |
Мемлекеттік |
Қайта есептеу |
күніне |
6 |
6 |
+ |
- |
10 |
"ШҚО бойынша |
Құжаттармен жұмыс |
15-20 |
1 |
1 |
+ |
- |
11 |
"ШҚО Үржар |
Мұрағаттық құжаттарды |
айына |
4 |
4 |
+ |
- |
12 |
"ШҚО Үржар |
Көпшілік мәдени |
айына |
8 |
8 |
+ |
- |
13 |
"ШҚО бойынша |
Құжаттармен жұмыс |
10-15 |
1 |
1 |
+ |
- |
14 |
"ШҚО Үржар |
Тұрғындарды |
күніне |
12 |
12 |
+ |
- |
15 |
"ШҚО Үржар |
Әлеуметтік төлем |
380 іс |
8 |
8 |
+ |
- |
16 |
Үржар аудандық |
Іс қағаздарын жүргізу, |
күніне |
3 |
3 |
+ |
- |
17 |
"Үржар |
Күзет, тазалық, |
600 м2 |
4 |
4 |
+ |
- |
18 |
Үржар |
Іс қағаздарын жөндеуге |
күніне |
6 |
6 |
+ |
- |
19 |
"ШҚО Үржар |
Тазалық, көгалдандыру, |
2500 м2150 м2 |
5 |
5 |
+ |
- |
20 |
"ШҚО Үржар |
Тазалық, көгалдандыру, |
2000 м2 |
1 |
1 |
+ |
- |
21 |
"№ 1, № 2, № 3 |
Іс қағаздарын |
күніне 700 м2 |
5 |
5 |
+ |
- |
22 |
"Үржар ауданы |
Ауланы тазалау, |
480 м2 |
8 |
8 |
+ |
- |
23 |
Ауданның орта |
Тазалық, көгалдандыру, |
3000 м2 |
16 |
16 |
+ |
- |
24 |
Үржар |
Тазалық, көгалдандыру, |
450 м25000 м |
8 |
8 |
+ |
- |
25 |
"№ 20 - |
Ауланы тазалау, |
күніне |
1 |
1 |
+ |
- |
26 |
"ШҚО бойынша |
Жылжымайтын |
2 дана |
8 |
8 |
+ |
- |
27 |
"Агроөнеркәсіптік |
Ауылшаруашылық |
айына |
5 |
5 |
+ |
- |
28 |
Жеке кәсіпкер |
Ауланы тазалау, |
500 м2 |
1 |
1 |
+ |
+ |
БАРЛЫҒЫ |
480 |
480 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы екі күндік демалысымен 5 күн, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат, еңбекақы жұмыс уақытының есебі көрсетілген табельге сәйкес нақты жұмыс істеген мерзіміне жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізіледі; еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық беру,арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; уақытша жұмысқа жарамсыздық, алған жарақатқа немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру жөнінде әлеуметтік жәрдемақы төлеу, зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
"Үржар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Семенова
Үржар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 425 қаулысына № 2 қосымша
Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың
тәртібі мен шарттары
Қоғамдық жұмыстар меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен мекемелерде аудандық жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұрынғы жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдау мақсатындағы аудан үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар жобалар бойынша ұйымдастырылатын төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жұмыс ұзақтығын бір жылға дейін созуға болады.
Конкурстық іріктеу негізінде аудан үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар жобалар бойынша «Жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдауға бағытталған төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жобаларын конкурстық іріктеуді өткізу туралы» Тәртібіне сәйкес аудандық жұмыспен қамту бағдарламасында төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қарастырылған қаржының 10 пайызы мөлшерінде төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін.
Жыл сайын аудан әкімдігінің қаулысымен нысаналы топтар, мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақтылы шарттары, қаржыландыру көздері, сондай-ақ төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың келесі жылға еңбек нарығындағы жағдайларды ескере отырып, еңбек төлемінің мөлшері бекітіледі.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстар жүргізуге, қызмет көрсетуге ауданда мемлекеттік тапсырыстарды орналастырған кезде алдын ала қарастырылады.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық, аудандық бюджет және жұмыс берушілер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Жұмыс беруші мен бюджет қаржысының есебінен төлемді қоғамдық жұмыстарды бірігіп қаржыландыру да мүмкін. Жұмыс берушілердің қаржылары есебінен толық немесе жартылай қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар олардың тапсырысы бойынша ұйымдастырылады.
Төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың еңбек төлемінің мөлшері орындайтын жұмыстың санын, сапасын және қиындығын ескере отырып, толық жұмыс күніне төленетін Қазақстан Республикасындағы еңбекақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы керек. Қолданыстағы жұмыспен қамту туралы заңнамалардың қоғамдық жұмыстарға еңбек ақы төлеу жөніндегі тармағы өзгерген жағдайда еңбек ақы төлеу мөлшері де өзгеруі мүмкін.
Қоғамдық жұмысқа қатысушының еңбек төлемін қаржыландыру жұмыссыздардың жеке шотына еңбек төлемі сомасын аудару жолымен бюджет қаржысының есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы шартта белгіленгендей есеп береді.
Төлемді қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91 бұйрығымен бекітілген, халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган мен жұмыс беруші арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындаудың үлгі шарты және жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттік қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны үшін заңдылықтарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жұмыс орнын ұйымдастыруды, тиісті және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді, еңбек қорғау жағдайын, жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, келтірілген зиянды өтеуді, төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды, қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес, төлемді қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбек төлемін қаржыландыру тәртібіне қарамастан жұмыс беруші жүргізеді. Әртүрлі жұмыстарға қатысушылардың саны, қатысу ұзақтығы және ұйымдардың тізбесі 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізуге аудан бюджетінде қарастырылған қаржы мөлшерінде тапсырыс пен ұсынысқа байланысты өзгертілуі мүмкін.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есепке алу мен есеп беруді белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық өкілетті органдар мен жұмыс берушілер жүргізеді.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы: С. Семенова
Үржар аудандық әкімдігінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 425 қаулысына № 3 қосымша
Төлемді қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
1. Қалалар, елді мекен, өнеркәсіп орындары орналасқан жерлерді жинауға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек.
2. Жол салу, жөндеу, су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыс.
3. Мелиоративтік жұмыстар, су тасқындарына қарсы шараларды өткізу жұмыстары, үлкен және шағын көпірлерді, бас каналдардың көздерін, арық, өзендерді тазалау жұмыстарына қатысу.
4. Әлеуметтік – мәдени объектілерді, тұрғын үйлерді жаңарту, құрлыс жұмыстары.
5. Тарихи – сәулет ескерткіштері, кешен, қорық аумақтарын қалпына келтіру.
6. Өңірлерді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту).
7. Ауқымды мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек (спорт жарыстар, фестивальдар, мерекелер, халықтың шығармашылық байқауы және тағы басқа), тұратын жерлерінде балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру.
8. Республикалық және өңірдегі қоғамдық науқандарын өткізуге көмек көрсету. Халық санағына, социологиялық зерттеу өткізуге, шаруашылық кітаптарын анықтауға, қорғаныс істер бөлімінде, салық органдарында мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге, атаулы әлеуметтік жәрдем, полигон, мүлікті жариялау құжаттардын әзірлеуге қатысу.
9. Мал, құстарды бордақылауға, көкөніс, дәнді және майлы дақылдар өсіруге, егінге, тұқым дайындауға, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуге байланысты қысқа мерзімдік жұмыстар.
10. Мал дәрігерлік санитарлық – алдын алу іс шараларына қатысу.
11. Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес.
12. Ауру және қарт адамдарға күтім жасау, үй жұмысына көмек.
13. Құқықтық тәртіп сақтау және объектілерді, оның ішінде саяжай учаскелерін күзету.
14. Маусымдық – жылыту жұмыстары.
15. Ғимараттарды, тұрғын үйлердің баспалдақтарын жинау.
16. Газет – журналдарға жазылу науқанын өткізуге көмектесу және хаттарды жеткізу.
17. Наубайханаларда, асханаларда, мектеп асханаларында қосалқы жұмыстар.
18. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және мемлекеттік мекемелердің мамандарын мемлекеттік тіліге оқыту.
19. Ауылдық округтарында отын әзірлеу.
Үржар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы: С. Семенова