"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 8/4-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 мамырда N 5-19-76 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы «Уба-Информ» газетінің № 10 санында жарияланған), 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жалпы жағдай» 1-бөлімнің 1–тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабына сәйкес ұсынылады».
      2) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлімнің 10-тармағындағы «7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар» сөзінен кейін келесі мазмұнмен толықтырылсын: «18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар; өзін-өзі жұмыспен қамтыған (өздігінен жұмыс істейтін) тұлғалар; мүгедектік топтары жоқ, туберкулезбен, наркологиялық, онкологиялық аурумен ауратындар ретінде тіркеуде тұрған азаматтар; жүктілік мерзімі 8 аптадан кем емес әйелдер».
      3) «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу» 4-бөлімінің 29-тармағындағы «бала туғандағы берілетін» сөзінен кейін келесі мазмұнмен толықтырылсын: «18 жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақыны, есептеу кезінде белгіленген күн көріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген ақшалай және табиғи түрде берілген қайырымдылық көмекті, отбасыға төтенше жағдайлар салдарынан мүліктері мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында берілген материалдық көмек; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілген табиғи көмектің түрлері дәрі-дәрмектік препараттар түрінде, шипажайлық-курорттық емделу түрінде, мүгедектерге бөлінген протездік-ортопедиялық құралдар (әзірлеу және жөндеу), жылжымалы құралдары (кресло-арбалар) және сауықтырудың басқа да құралдары, білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру білім беру ұйымында көрсетілген тегін тамақтандыру және көмек көрсету; халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдерде белгіленген оралмандардың тұрғылықты жерге келу бойынша жол ақысын және мүліктерін (оның ішінде малдарын) жеткізу жөніндегі шығындарын өтеуге, келген жерінен үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге»;
      4) «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу» 4-бөлімінің 33-тармағындағы «жергілікті бюджет есебінен тамақтану» сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы               С.И. Буднецкая

      Аудандық мәслихат хатшысы        Ә.О. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады